02.07.2020, 19:55 5695

Қызылорда облысының Әйтеке би кентінде суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру қызметтеріне тариф төмендетілді

"Қазалы су сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2019 жылы қайта қаржыландыру ставкасы ескеріле отырып суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша негізсіз табысының сомасы 3 831 300 теңгені, ал сарқынды суды бұру қызметі бойынша 1 856 870 теңгені құрады.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының Әйтеке би кентінде суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру қызметтеріне тариф төмендетілді.

"Қазалы су сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2019 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасы, яғни бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығы анықталды.

"Қазалы су сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2019 жылы қайта қаржыландыру ставкасы ескеріле отырып суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша негізсіз табысының сомасы 3 831 300 теңгені, ал сарқынды суды бұру қызметі бойынша 1 856 870 теңгені құрады.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті осы жылдың 1 тамызынан бастап, "Қазалы су сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 1 жыл мерзімге суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне 1 текше метрге ҚҚС-сыз 355,68 теңге мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 12,18 пайызға төмендетіліп, оның ішінде тұрғындар үшін 76,19 теңге; сарқынды суды бұру қызметіне 1 текше метрге ҚҚС-сыз 135,79 теңге мөлшерінде немесе қолданыстағы тарифтен 13,62 пайызға төмендетіліп, оның ішінде тұрғындар үшін 47,48 теңге мөлшерінде уақытша өтемдік тарифтер енгізеді.

Сонымен қатар, басқа да тұтынушылар топтары бойынша тарифтер сәйкесінше төмендетіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны