13.08.2020, 15:13 4389

"Қызылорда су жүйесі" МКК-ы әкімшілік жауапқа тартылды

"Қызылорда су жүйесі" МКК-ны Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 164-бабының бесінші бөлігімен жалпы сомасы 17,5 млн.теңгеге айыппұл салынуымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Алматы. 13 тамыз. Kazakhstan Today - "Қызылорда су жүйесі" МКК-ы әкімшілік жауапқа тартылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті "Қызылорда су жүйесі" МКК-на қатысты 2 әкімшілік өндірістер қозғады.

Субъектіге қатысты "Табиғи монополиялар туралы" ҚР Заңының 26-бабының 2-тармағының 15), 16) тармақшаларында белгіленген міндеттерді сақтамағаны, атап айтқанда бекітілген тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамағаны үшін шара қолданды.

Нәтижесінде, "Қызылорда су жүйесі" МКК-ны Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 164-бабының бесінші бөлігімен жалпы сомасы 17,5 млн.теңгеге айыппұл салынуымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта, Департаменттің әкімшілік айыппұлды салу туралы қаулылары заңды күшіне енген жоқ және субъект осы қаулыларға шағым беруге құқылы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны