04.03.2020, 12:25 4060

Заңды тұлғаларға салықтық преференциялардың берілу тәртібі

Инвестициялық жобалар мен басымдық берілген инвестициялық жобаларды жасаушы заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденті болуы тиіс.

Алматы. 4 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының инвестиция тарту туралы тапсырмасын орындау үшін 2014 жылы "Инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу" үшін ҚР Салық кодексіне 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес инвестициялық преференциялар келесі қағидалар бойынша беріледі:

Инвестициялық жобалар мен басымдық берілген инвестициялық жобаларды жасаушы заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденті болуы тиіс.

Инвестициялық жобалар мен басымдық берілген инвестициялық жобаларға қаражат құятын заңды тұлға Қазақстан Республикасының инвесторы болмаған жағдайда, ол ҚР құзыретті мемлекеттік органдарына тіркеуге тұруы тиіс.

Заңды тұлға Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құзырлы мемлекеттік органдармен инвестициялық келісімшарт жасасуы керек.

Басымдық берілген жобалардың тізіміне сәйкес, өз міндетін орындаған жағдайда келесідей салықтық преференцияларға ие болады:

Жаңа өндіріс орнын ашу барысында құйылатын инвестиция мөлшері 2 млн АЕК көп болса:

-10 жылға корпоративтік табыс салығынан (КТС) босатылады

-10 жылға жер салығынан босатылады

-8 жылға мүлік салығынан босатылады

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны