15.07.2014, 23:03 2942

Заңдастыру кезінде құпиялылық заңмен кепілдендірілген - Қаржы министрлігі

Заңдастыру үшін 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 30 қарашасына дейін құжаттарды тапсыруға болады. Несие түрінде алынған қаражат пен сотта таласқа түскен мүлік заңастырылмайды.

Алматы. 15 шілде. Kazakhstan today. Мүлікті заңдастыру процесін жүргізу кезіндегі алынған ақпараттың құпиялылығы Қазақстан Республикасының заңымен кепілдендірілген, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, мүлікті заңдастыру 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2015 жылдың 31 желтоқсаны аралығында өтеді.

Заңдастыруға жинау кезінде екі жағдайда алынады - экономикаға инвестиция салмай екінші деңгейлі банктің арнайы есебінен алдын ала (бес жылға дейін) шешіп алу жағдайындағы ақша заңдастыратын тұлғадан және ҚР сыртындағы мүлікті заңдастыру кезінде, соның ішінде өзге тұлғаға рәсімделген жағдайда.

Заңдастыру үшін 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 30 қарашасына дейін құжаттарды тапсыруға болады.

Несие түрінде алынған қаражат пен сотта таласқа түскен мүлік заңастырылмайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны