28.09.2016, 14:49 4482

Зейнетақы қорыныӊ қаражаты қайда бағытталатыны бойынша негiзгi шешiмдердi Мемлекет басшысы басқаратын Ұлттық қорды басқару кеӊесi шығарады

Тиiсiнше бұл мәселеге үлкен жауапкершiлiкпен қараймыз. Бiрiншi кезекте, қаржыныӊ сақталуы, салымныӊ сенiмдiлiгi қамтамасыз етiледi. Одан кейiн барып салынған қаражаттыӊ табыс әкелуiне көӊiл бөлемiз", - дейдi Д.Ақышев.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Зейнетақы қаражатыныӊ қайтарылуы ашық әрі тиімді түрде өтеді.Бұл туралы Мәжiлiстiӊ жалпы отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

"Былтыр Бiрыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорыныӊ қаражатын инвестициялау бойынша шешiм қабылдау процессiне айтарлықтай өзгерiстер енгiзiлдi. Инвестициялаудыӊ негiзгi бағыттарын қазiр Мемлекет басшысы басқаратын Ұлттық қорды басқару кеӊесi ұсынады. Яғни, зейнетақы қорыныӊ қаражаты қайда бағытталатыны бойынша негiзгi шешiмдердi осындай деӊгейге шығарамыз. Тиiсiнше бұл мәселеге үлкен жауапкершiлiкпен қараймыз. Бiрiншi кезекте, қаржыныӊ сақталуы, салымныӊ сенiмдiлiгi қамтамасыз етiледi. Одан кейiн барып салынған қаражаттыӊ табыс әкелуiне көӊiл бөлемiз", - дейдi Д.Ақышев.

Оныӊ айтуынша, қазiргi уақытта Ұлттық банктiӊ Бiрыӊғай жинақтау зейнетақы қорын басқару бойынша барлық операциялары ашық әi қолжетiмдi. Зейнетақы қоры өз инвестициялық декларациясын тұрақты түрде жариялайды, осылайша қор инвестициялайтын бар қаражатты әркiм көру мүмкiндiгiне ие.

"Екiншiден, қазiргi ставкалар нарықтық көрсеткiшке жақын, тiптi кейде жоғары. Тиiсiнше бұл Бiрыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорыныӊ жоғары табыстылығын қамтамасыз етедi. 2016 жылдыӊ бiрiншi жартыжылдығында қордыӊ табысы инфляция деӊгейiн айтарлықтай басып озды. Ақшаны қайтару мәселесiне келсек, қазiрi уақытта барлық инвестиция сенiмдi. Бүгiнде зейнетақы активтерiн басқару саясаты тиiмдi деп есептеймiн", - деп сендiрдi Ұлттық банк төрағасы.

Қаражатты қайтар мәселесіне келетін болсақ, қазіргі таӊда барлық инвестициялар мейлінше сенімді.

"Ақшаны инвестициялау бойынша бірқатар жағдайлар бар, 10 жылдық уақытта жеке меншік жинақтаушы қорларды біріктіру кезінде 160 млрд теӊгеніӊ проблемалық активтері байқалды. БЖЗҚ Ұлттық банкпен бірлесіп соӊғы екі жылда талаптық жұмыстарды жүзеге асырды. Шаралар аясында қарыз көлемі 60 млрд теӊгеге азайды. Бұл барлық зейнетақыныӊ 1 пайыздық мөлшерін құрайды. Қазіргі зейнетақы қорын басқару саясаты өте тиімді болып болып отыр", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны