15.07.2014, 23:24 2956

Зейнетақының шартты-жинақ жүйесі 2017 жылдан бастап енгізіледі - ЕХИҚМ

"Жалпы, зейнетақы реформасы тұжырымдамасын жаңғыртудың мақсаты зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейін арттыру болып табалады. Осы орайда тұжырымдамада азаматтар, жұмыскерлер және жұмыс беруші мен мемлекет арасындағы зейнетақымен қамтамсыз ету жауапкершілігін бөлу қарастырылған.

Алматы. 15 шілде. Kazakhstan today. Зейнетақы жүйесін қайта құрудың бірінші кезеңінде жаңа шартты-жинақ жүйесі қарастырылған. Жаңа құрылым жұмыс берушілердің өз жұмыскерлері пайдасына бес пайыздық алым есебінен құрылады. Бұл өз кезегінде жинақтың және бөлу қағидасын қолдайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

"Жалпы, зейнетақы реформасы тұжырымдамасын жаңғыртудың мақсаты зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейін арттыру болып табалады. Осы орайда тұжырымдамада азаматтар, жұмыскерлер және жұмыс беруші мен мемлекет арасындағы зейнетақымен қамтамсыз ету жауапкершілігін бөлу қарастырылған. Біз Біріңғай зейнетақы қорына бізідң жалақымыздың бес пайызын аударатын боламыз. Зейнет жасына жеткеннен кейін біз осы қаражатты қайта аламыз. Екіншіден, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушіден де алынатын болады", - дейді.

Министрдің айтуынша, жаңа жүйе жинақ және ортақ жүйе ретінде жұмыс істейді.

"Жинақ қағидасының ерекшелігі сонда, біз жинақ қорынан тағы бір шот ашып, бұл қаражат инвестицияланатын болады. Ал ортақтық сипатына келер болсақ, бұл аударылған қаражат жинақ ақшаға қарағанда қайтарылып берілмейді", - дейді.

"2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақыны есептеудiң жаңа әдiстемесiне көшемiз. 2018 жылдың 1 қаңтарынан барлық қызметкерлерге жұмыс берушi тарапынан 5%-дық мiндеттi зейнетақы жарнасы төлене бастайды. Ал, еңбек өтiлi немесе зейнетақы жүйесiне қатысу уақыты 10 жылға дейiнгi азаматтарға ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 50%-ы көлемiнде зейнетақы тағайындалатын болады. 20 жылдан астам өтiлi бар азамат 70%, ал 35 және одан артық уақыт еңбек өтiлi немесе зейнетақы жинақтау жүйесiне қатысып отырған азаматқа ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 100% көлемiнде зейнетақы тағайындалады", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны