09.12.2021, 14:37 160544

Зейнетақы айналасындағы дүрлікпе тұрғын үй бағасының өсуіне себеп болды

Зейнетақы айналасындағы дүрлікпе тұрғын үй бағасының өсуіне себеп болды
НҰР-СҰЛТАН. 9 ЖЕЛТОҚСАН - Зейнетақы ақшасын алу айналасындағы дүрлікпе тұрғын үй бағасының өсуіне алып келді.
 
Елімізде соңғы 9 айда тұрғын үй нарығы айтарлықтай артты. Баспана бағасы орта есеппен 20-30 пайызға дейін қымбаттады. Әйтсе де бас қалада сұраныс жоғары, дейді мамандар. Оған не себеп? Тұрғын үй нарығы неге тұрақталмай жатыр? 

Баспана бағасы тұрақталар емес. Жыл басынан бері жаңа пәтер құны 15 пайызға, ал қайталама нарықтағы үйлер 20 пайызға өскен, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
 
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, мұндай өсім 2014, 2015 жылдары байқалған. Ал, биыл баға ертегідегі толағай сынды күн сайын құбылып тұр. Тіпті жалдамалы пәтер құны да 17 пайызға өсіп кеткен. Бұл қалтасы қалыңдарды алаңдатпаса да, қарапайым жұртты шошытып отыр. 
 
Бағаның бұлайша құбылуын әркім өзінше топшылайды. Біреу құрылыс материалы қымбаттады десе, енді біреу инфля?цияның артуымен түсіндіріп әуре. Тіпті жыл басында енгізілген зейнетақы жинағын пайдалану бағдарламасы да әсер етті. 
 

Бір 8-10 пайызы осы инфля?цияның әсері. Ал қалған 20-25 пайызға қымбаттады деп жатырмыз ғой тұрғын үй. Оның сол 10-15 пайызы, мынау біздегі қаңтардан бастап сол тұрғын үй жүйесіне 2 трлн теңге қосылды. Ақша массасы 40 пайызға көбейіп кетті. Бұл әдетте бізге 10-15 пайыздық инфля?цияны қосып беріп отыр", - дейді экономист Сапарбай Жобаев.

 
Әзірге тұрғын үй бағасының қалыпқа түсуі екі талай, дейді мамандар. Өйткені сұраныс жоғары. Себебі тұрғындар біріңғай жинақтық зейнетақы қорын алып қалуға асығуда. 
 

Күзде 20 пайызға дейін қымбаттады. Нарықтың бағасы көтерілді. Сұраныс көп болған соң. Оған байланысты қол жетімді ипотекалар, ЕНПФ ақшаның берілуіне байланысты. Сондықтан бағасы өсіп кетті. Жаңа жылдан кейін біз ойлаймыз бағасы 8-10 пайызға төмендейді", - деді риелтор Ғалым Ысқақов.

 

Баспана нарығындағы қымбатшылық бас қалада ғана емес, еліміз бойынша да байқалып отыр. Оған сыртқы нарықтың да әсері мол дейді-жауаптылар. Өйткені осы жылдың екінші тоқсанының соңына қарай тұрғын үйдің әлемдік бағасы шамамен 10%-ға өскен. Бұл – 2006 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш дейді", - деді "Астана" телеарнасының тілшісі Бекболат Сатуов.


Бұған дейін БЖЗҚ келесі жылдан бастап зейнетақыны мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегін өзгертетіні хабарланған болатын. Бұл өзгерістер қазақстандықтардың көпшілігінің ашуын туғызды, белсенділер тіпті БЖЗҚ шешіміне қарсы петициямен қол жинауды ұйымдастырды.


 
Ақпарат көзі: astanatv.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны