04.05.2020, 12:35 5415

Зейнетақы қорындағы жинағыңыз азайған жоқ

Спикердің айтуынша, зейнетақы жинақтарына есептелетін таза инвестициялық табыс тұрақты түрде өсіп келеді. Осылайша 2020 жылдың бірінші тоқсанында инвестициялық табыс 661,7 млрд тг болды. 2020 жылдың 1 сәуіріне зейнетақы активтері 11,7 трлн тг құрап, 8%-ға өсті.

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Зейнетақы қорындағы жинағыңыз азайған жоқ.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ның Басқарма төрағасы Жанат Құрманов мәлімдеді. Зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісіне байланысты өткен жиында спикер тұрғындар тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

"Соңғы уақытта әлемдік қаржы нарығында әлемді жайлаған қауіпті індет пен мұнай бағасының өзгеруіне байланысты бірқатар жағымсыз оқиғалар орын алды. Бұл ретте тұрғындар "зейнетақы қорындағы жинақтарымыз азайып кете ме?" деген сұрақтарды жиі қояды. Біздің айтпағымыз, алаңдауға еш негіз жоқ. Зейнетақы қорындағы жинақтар тұрақты әрі ол оң инвестициялық табыстылыққа ие", - деп атап өтті Ж.Құрманов.

Спикердің айтуынша, зейнетақы жинақтарына есептелетін таза инвестициялық табыс тұрақты түрде өсіп келеді. Осылайша 2020 жылдың бірінші тоқсанында инвестициялық табыс 661,7 млрд тг болды. 2020 жылдың 1 сәуіріне зейнетақы активтері 11,7 трлн тг құрап, 8%-ға өсті.

Жалпы 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың наурызына дейінгі соңғы 12 айдағы зейнетақы активтерінің табысы 11,87%-ды құрады. Ал инфляция 6,4% болды. Осылайша табыстылық инфляциядан 5,5%-ға асып түсті.

"Алаңдауға еш негіз жоқ. Өйткені "ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға сәйкес мемлекет азаматтарға олардың зейнетақы жинақтарының инфляциядан қорғалуына кепілдік береді. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет салымшы зейнетке шыққан кезде зейнетақы жинақтары азайып қалса оны өтеп береді. Бірақ бұл шара жинақталған инфляция деңгейі, инвестициялаудың барлық жылдарында алынған табыстан асып кеткен жағдайда ғана жүзеге асырылады", - деп қорытындылады сөзін Ж. Құрманов.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны