05.07.2018, 19:44 3780

Ж.Түймебаев: Қазығұрттық 1800 отбасы биыл көгілдір отынға қол жеткізбек

Газдандыруды алдағы жылдары 95 пайызға жеткізу жоспарлануда. Ол үшін тиісті жұмыстар жасалуда. Су мәселесінде де Қазығұрт алдыӊғы қатарда, жалпы ауыз сумен қамтамасыз ету 88 пайызды құрайды.

Түркістан. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев ауданныӊ тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар кәсіпкерлік және шаруа қожалықтыӊ жұмысын аралап көрді.

Еӊ алдымен өӊір басшысы мал бордақылаумен және ет өнімдерін өндіретін "Қарқын" - 2030 ЖШС-ніӊ жұмысымен танысты. 2009 жылы құрылған серіктестіктіӊ меншігінде 250 гектар жер бар. 800 бас мал бордақылауға шақталған нысанда бүгінде 400 бас ірі қара байлануда. Цехта тәулігіне 5 тонна 12 түрлі шұжық өндіріледі. Дайын өнім елімізден бөлек, Ресейге де жөнелтілген. Онда 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, 50 адам маусымдық жұмыспен айналысады. Өткен жылы серіктестік 2 млрд. 955 млн. теӊгеніӊ өнімін өндірген. Соныӊ есебінен 167 млн. 218 мыӊ теӊге салық түскен.

Серіктестіктіӊ жұмысына қаныққан облыс әкімі осы жылдыӊ бес айында өӊір бойынша 90 мыӊ тоннадан астам ет өндірілгенін айтып, оныӊ ішінде 8 мыӊ тоннаға жуығы Қазығұрт ауданына тиесілі екенін жеткізді. Бұл мал шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ үшін аз көрсеткіш екенін тілге тиек етіп, осы бағыттағы жұмыстарды дамытуды аудан басшысына тапсырды.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы Қызылқия ауылдық округіндегі дәнді-дақыл мен жеміс-жидек өндірумен айналысатын "Аманкелді" ЖШС-не барды. Серіктестік бүгінде 2322 гектар жерді баптап, пайдаға асырып отыр. Мұнда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қожалық 2005 жылы арнайы тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие болған.

Шаруашылықтыӊ жұмысымен таныстырған кәсіпкер тамшылатып суару әдісініӊ арқасында шығын азайып, өнім көлемі артқанын айтады. Мәселен, алма, шабдалы, шие, алхоры, өрік, алмұрт, жүзім өнімдерінен 2017 жылы 14 млн. теӊге табыс тапқан.

Бұдан соӊ әкім "Ыбрайым қажы" шаруа қожалығына аялдады. Мал азығын даярлаумен айналысатын қожалықтыӊ меншігінде 0,25 гектар жер бар. Мұнда тәулігіне 2 тонна көк балауса (гидропон) өндіріледі.

Сапары соӊында БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында облыс әкімі ауданда егін және мал шаруашылығы дамығанын айтып, бүгінде ауданда қарқынды бау көлемі артып келе жатқанына және халыққа қажетті коммуналдық мәселелерде шешім тауып келе жатқанына тоқталды.

"Қазығұрт ауданында жалпы қарқынды бау көлемі 242 гектар болса, биылдыӊ өзінде 80 гектар жерге егілді. Жылыжайлардыӊ өзі бір ауданда 117 гектар, ал биыл 30 гектар қосылып отыр. Ал аудандағы 28 мыӊ гектар жерге егілген бидай мен арпаныӊ орташа түсімділігі гектарына 23-25 центнерді құрайды деп күтілуде. Бұл да ауданныӊ қазіргі жағдайыныӊ жақсарғандығын аӊғартады. Бұдан бөлек, аудандағы 8 елді мекенде газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Яғни, қазығұрттық 1800 отбасы биыл көгілдір отынға қол жеткізбек. Газдандыруды алдағы жылдары 95 пайызға жеткізу жоспарлануда. Ол үшін тиісті жұмыстар жасалуда. Су мәселесінде де Қазығұрт алдыӊғы қатарда, жалпы ауыз сумен қамтамасыз ету 88 пайызды құрайды. Осы жылдыӊ өзінде 9 елді мекенді таза ауыз сумен қамту жұмыстары қолға алынды. Осындай халыққа қажетті жол, су, газ мәселелердіӊ барлығы ауданда тиісті деӊгейде шешіліп келеді",-деді Ж.Түймебаев.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны