11.10.2018, 14:22 4975

Ж.Түймебаев түркістандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды

"7-20-25" бағдарламасы арқылы салынған тұрғын үйлерді тарату Түркістан облысыныӊ энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы жүргізіледі.

Түркістан. 11 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ныӊ Оӊтүстік филиалы директоры Құдайберген Сейтмамбетовпен кездесті. Жүздесуде "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасыныӊ бағыттарыныӊ бірі - кредиттік тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелері қаралып, қолжетімді баспана мәселесін шешу жағдайлары сөз болды.

Аталған банктіӊ өӊіріміздегі жетекшісі саладағы атқарылған бірқатар жұмыстардыӊ барысын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, бүгінгі таӊда "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ныӊ Оӊтүстік филиалы "Баспана" мекемесімен қол қою шараларын жүргізуде. 2018 жылдыӊ 1 желтоқсаннан бастап банк ұжымы Елбасы бекіткен "7-20-25" бағдарламасы бойынша тиісті жұмыстарды іске асыра бастайды.

Сонымен бірге, басқосуда Қ.Сейтмамбетов әкімге облыс тұрғындары үшін өте тиімді де, ыӊғайлы болатын ұсынысын жеткізді. Алғашқы салымсыз-ақ, баспаналы болуға болатын жобада қарапайым халықтыӊ жағдайы ескерілген. Мұнан бөлек, әкімдік тарапынан тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде қолдау көрсетуді сұрады.

Осынау ұсыныс, тілектерге қаныққан аймақ басшысы, еӊ бастысы, баспаналардыӊ қолжетімді болуы қажеттігін айтып, "7-20-25" бағдарламасын өӊірімізде мықтап қолға алу үшін түсіндірме жұмыстарын кеӊінен жүргізуді тиісті басқарма басшыларына тапсырды.

Осы жылы "7-20-25" бағдарламасын облыста іске асыру мақсатында, Түркістан қаласында жеке салушы және "Түркістан" ИКК" АҚ-ы арқылы 6 көпқабатты тұрғын үйдіӊ (288 пәтер, 15,6 мыӊ ш.м.) құрылысы басталған болатын. Бұл пәтерлерді 2019 жылы пайдалануға тапсыру жоспарланып, барлық үйлерді "7-20-25" бағдарлама арқылы тарату көзделуде.

"7-20-25" бағдарламасы арқылы салынған тұрғын үйлерді тарату Түркістан облысыныӊ энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы жүргізіледі.

Сонымен қатар, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ы басшылығыныӊ мәліметіне сәйкес 2019 жылы Түркістан облысыныӊ орталығы - Түркістан қаласынан банктіӊ облыстық филиалы ашылатын болады.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны