28.04.2020, 11:00 6051

Жүйе құрушы кәсіпорындарды жедел мониторингілеуге арналған реестрді құру жұмыстары жалғастырылуда

Реестрдің негізгі мақсаты ірі кәсіпорындардың экономикалық жағдайын (жұмыспен қамту, салықтық база, сатудағы проблемалар) қосымша тұрақты есеп беру негізінде мониторингілеу.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Ұлттық экономика министрлігі жүйе құрушы кәсіпорындарды жедел мониторингілеуге арналған реестр бойынша мыналарды хабарлайды.

Бүгін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы профильдік комитетімен және бизнес-қауымдастықтармен бірге Реестрді құру жұмыстары жалғастырылуда. Бизнес қоғамдастықпен және салалық министрліктермен егжей-тегжейлі талқылаудан кейін, алдын ала Реестрдің құрылып, Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның бекітуіне енгізіледі. Жұмыс бірнеше кезең бойынша жүргізіледі.

Реестрдің негізгі мақсаты ірі кәсіпорындардың экономикалық жағдайын (жұмыспен қамту, салықтық база, сатудағы проблемалар) қосымша тұрақты есеп беру негізінде мониторингілеу. Мониторинг нәтижесі бойынша, қажет болған жағдайда, салалық мемлекеттік органдардың нүктелік қолдау шаралары мен кәсіпорындардың қарсы міндеттемелері (жұмыспен қамтудың сақталуы) бойынша ұсыныстар қаралады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны