23.05.2012, 12:35 3329

Жаһандық экономикаға жаһандық валюта қажет

"Илемдік экономикадағы мүдделер теңгерімі дамыған және дамушы елдердің арасында ауысып тұруы керек. Және Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің аясында орын алатын осындай орын ауысулардың алғашқы белгілері байқалуда",- деді Роберт Манделл.

Астана. 23-мамыр. Kazakhstan Today - Жаһандық экономикаға жаһандық валюта қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Дамушы елдердің арасындағы сауда-саттық бірінші орынға шығып келеді, есесіне дамыған елдерде төмендеу динамикасы байқалуда, деп мәлім етті экономика саласы бойынша Нобельдік сыйлықтың лауреаты, Колумбиялық университеттің профессоры Роберт Манделл V Астана экономикалық форумында соңғы 10 жылдағы әлемдік экономикадағы маңызды оқиғаларға тоқталған сөзінде.

"Илемдік экономикадағы мүдделер теңгерімі дамыған және дамушы елдердің арасында ауысып тұруы керек. Және Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің аясында орын алатын осындай орын ауысулардың алғашқы белгілері байқалуда",- деді Роберт Манделл.

Нобельдік сыйлық лауреатының пікірінше, америка долларының және еуроның тұрақты және теңгерімді бағамдары жаһандық қаржы жүйесінің орнықтылығының кепілі болады. АҚШ еуро сатып алуы, ал Еуроодақ өз кезегінде доллар сатып алуы керек, осылайша олар әлемдік қаржы жүйесін орнықтырулары және ортақ жауапкершіліктерін көрсетулері керек. Уақыт өте келе бұл жүйеге қытай юаны да қосылуы мүмкін.

"Бірлескен өзара іс-қимылдардың арқасында 20 жылдан кейін жаңа валюта пайда болуы ықтимал және оның бір ғана елдің немесе өңірдің валютасы болуы міндетті емес. Осы тұрғыда мен Назарбаев мырзаның пікірімен келісемін: Жаһандық экономикағажаһандық валюта керек",- деп қорытындылады өз сөзін Р.Манделл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны