16.08.2012, 11:32 3261

Жайық пен Қиғаш өзендерінде баулық аулау маусымы ашылды

"Балық ресурстары мен өзге су жануарлары, олардың бөліктері мен дервиаттарды пайдалануға шектеулер мен тыйым салу, оларды пайдалану орны мен мерзімін белгілеу туралы" үкіметтің 2012 жылғы 7 наурыздағы қаулысына сәйкес, Жайық-Каспий бассенінде 25 сәуір мен 15 тамыз аралығында балық аулауға тыйым салынғаны мәлім.

Атырау. 16-тамыз. Kazakhstan Today - 16 тамыздан бастап Атырау облысында Жайық және Қиғаш өзендерінде күзгі балық аулау маусымы ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Балық ресурстары мен өзге су жануарлары, олардың бөліктері мен дервиаттарды пайдалануға шектеулер мен тыйым салу, оларды пайдалану орны мен мерзімін белгілеу туралы" үкіметтің 2012 жылғы 7 наурыздағы қаулысына сәйкес, Жайық-Каспий бассенінде 25 сәуір мен 15 тамыз аралығында балық аулауға тыйым салынғаны мәлім.

Бұл шаралар балық ресурстарының табиғи өсіміне ықпал ететін жағдайлар құру және олар мекен ететін жерлерде көбеюін сақтау мақсатында антропогендік ықпалды азайтуға бағытталған.

Сонымен қатар, "2012 жылға арнап балық шаруашылығы суларында балық және өзге су жануарларын аулауға шектеулер белгілеу туралы" үкіметтің 2012 жылғы 16 қаңтардағы қаулысына сәйкес Жайық-Каспий бассейнінде 36,9 мың тонна балық аулау, оның ішінде Жайық өзенінен 10 мың тоннадан астам, Қиғаш өзенінен 5 мың тоннадан астам балық аулауға шектеу белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны