24.02.2010, 18:47 3391

Жалға берілетін баспана наурызда таратыла бастайды - Жылжымайтын мүлік қоры

Жалға берілетін баспана наурызда таратыла бастайды - Жылжымайтын мүлік қоры

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Жалға берілетін баспана наурызда таратыла бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Жылжымайтын мүлік қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы шаралары аясында "Самұрық-Қазына" ҰИАҚ қаржыландыратын Астана қаласының үлесті құрылыс нысандарының аяқталуы жөнінде мәселелер бойынша көшпелі кеңес өтті.

Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік қоры 2010 жылы 10-нан астам нысан құрылысын аяқтауды көздеп отыр. Сөйтіп, жалпы ауданы 353 359 ш.м. құрайтын 3439 пәтер пайдалануға тапсырылатын болады. Оның ішінде Жылжымайтын мүлік қоры бойынша ауданы 156 867 ш.м. болатын 1447 пәтер және 1754 үлескер мәселесі шешілуі.

Осы мақсаттарға 2009 жылы Астанадағы үлесті құрылысқа қолдау көрсетуде "Самұрық-Қазына" ҰИАҚ арқылы 51,4 млрд. теңге, соның ішінде ЕДБ арқылы нысандарды аяқтауға 17,2 млрд.теңге және Жылжымайтын мүлік қоры арқылы 34,2 млрд.теңге бағытталды. Бұдан өзге, Стрессті активтер қоры арқылы құрылыс нысандарын аяқтауға 30 млрд. теңге көлемінде қаржы беріледі.

2009 жылы Жылжымайтын мүлік қорына Астана қаласы бойынша 20 нысанды 75,6 млрд. теңгеге қаржыландыру жөнінде міндеттеме жүктелді. 2010 жылғы 15 ақпандағы жағдай бойынша жалпы сомасы 33,65 млрд.теңгеге 14 нысан қаржыландырылып, құрылысшылар 21 млрд.теңгесін игерді.

"Самұрық-Қазына" ҰИАҚ арқылы қаржыландырумен бірге, үлесті құрылыс проблемасын шешу тағы үш тетік арқылы: 3965 үлескердің қатысуымен 26 тұрғын үй кешендерінен қала әкімдігінің пәтер сатып алуы; "АҚҚБ "Жаңа құрылыс" ЖШС-нің 4262 адамның қатысуымен 7 проблемалы нысан және 4 кезегінің құрылысы; құрылыс компанияларының өз күштерімен 1182 үлескердің қатысуындағы 9 тұрғын үй кешенін аяқтауы.

Қабылданған шаралардың арқасында 2007 жылдың күзінде 37 мың үлескерді құраған 227 аяқталмаған құрылыстың 2008 жылы 201-і қалса, 2009 жылдың басында бұл көрсеткіш 128-ге дейін төмендеді.

2009 жылы 12 574 адамның қатысуымен 62 нысан аяқталды. 2010 жылы 12 933 үлескердің қатысуымен үлесті құрылыс бойынша 61 нысанды аяқтау жоспарланып отыр. Бұл аталған проблеманы толығымен шешуге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны