02.02.2016, 09:53 3757

Жалға берілуден шығарылған әскери полигондардыӊ жер телімдері Қазақстанныӊ экономикалық мүддесінде пайдаланылатын болады

Белгілі болғандай, 2015 жылдыӊ 16 сәуірінде Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрлігі және Ресей Федерациясыныӊ Қорғаныс министрлігі төрт хаттамаға қол қойды. Соған сәйкес Жамантау, Сарышаған және Тайсойған сынама полигондарыныӊ пайдаланылу мен жалға берілу тәртібі өзгерді

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Белгілі болғандай, 2015 жылдыӊ 16 сәуірінде Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрлігі және Ресей Федерациясыныӊ Қорғаныс министрлігі төрт хаттамаға қол қойды. Соған сәйкес Жамантау, Сарышаған және Тайсойған сынама полигондарыныӊ пайдаланылу мен жалға берілу тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл келісімге дейін Ресейдіӊ Қазақстан аумағында жалға алып жүрген әскери полигондардыӊ жалпы ауданы 11 миллион га жерді құрады. Нәтижесінде жалға берілуден шығарылып, Қазақстанныӊ аумағына 1,6 миллион га жер телімі берілді. Мұнда пайдалы қазбалардыӊ коммуникациялары мен кен орны орналасқан. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қайтарылатын қазақстандық жер телімдерінде Қазақстанныӊ экономикалық мүддесіне пайдалану жоспарланып отырған пайдалы қазбалар бар. Сонымен, жер телімдерініӊ бір бөлігі "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көліктік дәліздіӊ құрамына кіретін "Самара-Шымкент" автомобильді жолын салуға кетеді.

Жалға берілуден шығарылған жер телімдерін пайдалану Қарағанды және Жамбыл облысыныӊ экономикасына қолайлы болады деп күтілуде.

Ресейдіӊ Қазақстанныӊ әскери полигондарыныӊ жер телімдерін жалға алып жүрген бөліктерін қайтару, сондай-ақ аталмыш нысандарды жалға алу және пайдалану тәртібі туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі келісім Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ тапсырмасына сәйкес әзірленгенін айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны