31.08.2010, 15:17 7893

Жалпы ауылшаруашылық өнімдері көлемінің өсімі 2015 жылы 4,8 пайызға жетеді

Жалпы ауылшаруашылық өнімдері көлемінің өсімі 2011 - 2015 жылы 4,8 пайызға жетеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қазақстанның 2011-2015 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуына жасалған болжам жобасын таныстырған Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 31 - тамыз. Kazakhstan Today - Жалпы ауылшаруашылық өнімдері көлемінің өсімі 2011 - 2015 жылы 4,8 пайызға жетеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қазақстанның 2011-2015 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуына жасалған болжам жобасын таныстырған Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жалпы ауылшаруашылық өнімдері көлемінің өсімі өсімдік шаруашылығының өсуінің сыртында 2011 4 пайызға, 2012 жылы 5 пайызға және 2013 жылы 6 пайызға жетіп, өсімдік шаруашылық өнімдерінің болжам бойынша бағасының өсуіне түрткі болады",- деді Ж. Айтжанова.

Ж. Айтжанованың айтуынша, бұл көрсеткіштер сондай-ақ отандық ауылшаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуетінің өсуіне оң әсер етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны