02.03.2010, 14:17 2945

Жалпы ішкі өнімнің 7%-дан аса өсуі ел экономикасында кезекті көпіршік тудыру қаупі бар - премьер

Жалпы ішкі өнімнің 7%-дан аса өсуі ел экономикасында кезекті көпіршік тудыру қаупі бар - премьер

Астана. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Жалпы ішкі өнімнің 7%-дан аса өсуі ел экономикасында кезекті көпіршік тудыру қаупі бар. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "Нұр Отан" ХДП фракциясының кеңейтілген мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Менің ұстанымым - Жалпы ішкі өнімнің 7%-дан аса өсуі ел экономикасы үішн қатерлі, өйткені ол кезекті көпіршік тудыра алады", - деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов.

"Сол себепті біз өсімді 7% дейін ынталандыратын боламыз, егер 7%-дан асып кетсе, онда керісінше тежеу керек", - деді Кәрім Мәсімов.

Қазақстан үкімет басшысының пікірінше, "бұл - сауатты макроэкономикалық саясатқа қатысты мәселе болмақ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны