22.06.2015, 11:05 4315

Жалпы Мемлекеттік бағдарлама бойынша автожол саласында 11 жобаны іске асыру көзделген.

Ол үшін инфрақұрылымдық дамудыӊ 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" Мемлекеттік бағдарлама аясында көлік инфрақұрылымын ауқымды модернизациялау жүргізілуде.

Астана. 22 Маусым. Kazakhstan Today - Қазіргі кезде тиімді көлік-логистикалық ел қалыптастыру жөнінде белсенді жұмыс жасалуда. Ол үшін инфрақұрылымдық дамудыӊ 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" Мемлекеттік бағдарлама аясында көлік инфрақұрылымын ауқымды модернизациялау жүргізілуде. Бұл 2020 жылға қарай жүк айналымын 1,6 есе және транзиттік жүк тасымалы көлемін екі есе арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жалпы Мемлекеттік бағдарлама бойынша автожол саласында 11 жобаны іске асыру көзделген.

Жалпы барлық жобаларды іске асыру кестеге сәйкес жүргізілуде.

Автожолдар саласындағы инфрақұрылымдық жобалар туралы айтар болсақ, 2020 жылға қарай жалпы құны 2,4 трлн. теӊге құрайтын 7 мыӊ шақырымнан астам жол реконструкцияланады және салынады, оныӊ 1 трлн. теӊгесі халықаралық қаржы институттарыныӊ займдары екендігін атап өту қажет.

"Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ шеӊберінде аралас салаларды қоса алғанда барлық автожол жобалары бойынша 200 мыӊ адамды жұмылдыру көзделген.

Қазіргі уақытта Батыс Еуропа - Батыс Қытай жобасын іске асыру жалғастырылуда, "Орталық-Оӊтүстік" (Астана - Алматы), "Орталық-Шығыс" (Астана -Өскемен), "Орталық-Шығыс" (Астана - Ақтөбе - Атырау - Ақтау), Алматы-Өскемен, Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда және Атырау-Астрахан автожол жобаларын іске асыру басталды.

2015 жылы аталған жобаларды іске асыруға 269,3 млрд. теӊге, оныӊ ішінде Ұлттық қордан- 178 млрд. теӊге бөлінді. 2015 жылғы 1 маусымға 85,4 млрд. теӊге игерілді (оныӊ ішінде ұлттық қордан - 44 млрд. теӊге) немесе 32 пайызы игерілді.

Бүгінгі күнге жобаларға барлығы 33 мердігер ұйым және 64 қосалқы ұйым тартылды, 27 мыӊ жұмыс орыны ашылды және 5 мыӊнан астам жол құрылысы техникасы жұмыс жасауда.

Автожол саласындағы еӊ ірі жоба ұзақтығы 2 787 км. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" құрлықаралық автомобиль дәлізі болып табылады.

Жобаларды 2009-2014 жылдары іске асыру кезеӊінде Ресей Федерациясы шекарасынан Шымкент қаласына дейін Ақтөбе, Қызылорда және Оӊтүстік Қазақстан арқылы 1 884 км бойында қозғалыс ашылды.

Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысыныӊ шекарасы, Тараз қаласыныӊ айналма жолы және Алматы-Қорғас учаскелерініӊ 569 километрінде жұмыс жалғасуда.

2015 жылдыӊ аяғында Тараз қаласыныӊ айналма жолын қоса есептегенде ұзындығы 183 км Шымкент - Тараз учаскесінде қозғалыс ашу жоспарлануда. Шымкент-Ташкент және Алматы-Қорғас учаскелеріндегі жұмыстарды толықтай аяқтау 2016 жылға белгіленген, сөйтіп транзиттік дәліздіӊ өн бойымен қозғалыс ашылатын болады.

Келесі жоба "Орталық-Оӊтүстік" (Астана-Алматы). Оныӊ ұзындығы 1282 шақырым.

Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары Астана-Теміртау (159 шақырым) және Алматы-Қапшағай (94 км) учаскелерінде жүріп жатыр. Олардыӊ 40 шақырымы - цементбетонмен төселген.

2015 жылы 72 шақырым пайдалануға беріледі (10 шақырымы Астана-Теміртау, 62 шақырымы Алматы-Қапшағай жолдары). Аталаған участкелерде құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталады.

Қарағанды-Балқаш-Бұрылбайтал-Күрті учаскесін реконструкциялау Дүниежүзілік банк пен Еуропалық қайта құру және даму банкі зайымдарыныӊ есебінен қаржыландырылады.

2015 жылдыӊ соӊына дейін займ туралы келісімге қол қойылып, конкурс жарияланады деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2016 жылдыӊ көктемінде басталып, 2019 жылы аяқталады.

Үшінші жоба - Орталық-Шығыс. Бұл - 2013 жылы құрылысы басталған, ұзындығы 1018 шақырым болатын Астана-Өскемен жолы. Қазір Астана-Павлодар-Семей учаскесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы ұзындығы - 509 шақырым.

2015 жылдыӊ аяғына дейін 100 шақырым пайдалануға беріледі. Оныӊ 47 км - Астана-Павлодар, 53 км - Павлодар-Семей жолдары.

Ұзындығы 404 шақырым болатын Павлодар-Семей-Қалбатау және Қалбатау-Өскемен учаскелерініӊ жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2016 жылы басталады.

Орталық-Батыс жобасы (Астана-Ақтөбе-Атырау-Астрахан).

Ұзындығы 470 шақырым болатын Бейнеу-Ақтау учаскесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 2014 жылы 200 шақырымы пайдалануға берілген болатын. Дәліздіӊ жалпы ұзындығы 2720 шақырым. Оныӊ 1290 шақырымын жөндеу қажет.

Жобаныӊ құны - 540 млрд.тг. Қазіргі уақытта Астана-Қарабұтақ (844 км.), Ақтөбе-Мақат (459 км.) және Атырау-Астрахан (277 км.) учаскелерін жөндеуге халықаралық қаржы институттарынан займ алу үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Займ туралы келісімге биылғы жылды аяғына дейн қол қойылады деп күтілуде.

Құрылыс жұмыстары 2016 жылдыӊ көктемінде басталып, 2019 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Алматы-Өскемен жобасы. Жолдыӊ ұзындығы - 851 км. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары Қапшағай-Талдықорған жолындағы 157 шақырымдық учаскеде жүріп жатыр.

2015 жылдыӊ аяғына дейін 84 шақырым пайдалануға беріледі. Қалған 73 шақырымы - 2016 жылы аяқталады.

Астана-Петропавл жолы туралы айтатын болсақ. Қазір Көкшетау-Петропавл учаскесініӊ Солтүстік Қазақстан облысындағы 106 шақырым жолы жасалып жатыр. Одан бөлек, Петропавл қаласын айналып өтетін 11 шақырымдық жолыныӊ реконструкциясы басталды.

2015 жылдыӊ аяғына дейін 55 шақырым пайдалануға беріледі. Ал келесі жылы - 51 шақырым.

Орал-Каменка жолын салу жобасы бойынша келісімге қол қойылды. Шілдеде құрылыс жұмыстары басталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны