09.01.2009, 18:22 3246

Жалпы уран өндіру көлемі 2008 жылы 28% өсті

Жалпы уран өндіру көлемі 2008 жылы 28% өсті

Алматы. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жалпы уран өндіру көлемі 2007 жылғымен салыстырғанда 2008 жылы 28% өсті. Бұл туралы үкіметтің 2008 жылғы іс-қызметінің қорытындысы жөніндегі есебінде айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясы" АҚ кәсіпорындарында жалпы уран өндіру көлемі 2008 жылы 8500,5 тоннаны құрайды, немесе 2007 жылғымен салыстырғанда 128% тең", -делінген үкіметтің есебінде.

Есеп бойынша, уранның асқын және жай тотығын өндірудің жалпы көлемі 8310 тоннаны құрайды, 2007 жылмен салыстырғанда өсім 33%.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны