26.12.2012, 12:00 3375

Жалпыұлттық телекөпір барысында машина жасау саласындағы үш кәсіпорын пайдалануға берілді

ҚР үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Н.И.Назарбав машина жасау саласы бойынша Индустрияландыру картасының үш жаңа нысанын пайдалануға онлайн режімінде рұқсат берді.

Астана. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жалпыұлттық телекөпір барысында машина жасау саласындағы үш кәсіпорын пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Н.И.Назарбав машина жасау саласы бойынша Индустрияландыру картасының үш жаңа нысанын пайдалануға онлайн режімінде рұқсат берді.

"Индустрияландыру мұнай, газ, металлургия және басқа да өндіру кәсіпорындарын өндіріспен қамтамасыз етуі қажет. Мен үлкен қанағаттану сезімімен бұл кәсіпорындарды іске қосуға рұқсат беремін. Барлық кәсіпорындардың ұжымдарын осы маңызды оқиғамен құттықтаймын", - деді Президент Н.И.Назарбаев.

Осылайша, Шығыс Қазақстан облысында қуаты жылына 4 мың вагон жиынтығы болатын "ШығысМашЗауыт" вагон құю өндірісі компаниясы іске қосылды. Бұл жобаны іске қосу вагон жетіспеушілігі мәселесін жойып, жылжымалы құрамның қызмет ету ұзақтығын арттырады, 456 жұмыс орны құрылады.

Бұдан басқа, өндірістік қуаты қайта өңдеуден өткізілген маневрлік тепловоздар өндірісі де іске қосылды. Кәсіпорындағы қазақстандық мазмұнның үлесі 51% құрайды.

Тепловоздарда отандық кешендік локомотивтік қауіпсіздік құрылғылары орнатылған. 2016 жылға қарай жылына 50 тепловоз өндіру жоспарлануда, 110 жаңа жұмыс орыны құрылады.

Сондай-ақ мұнай өнеркәсібі үшін өнім өндіретін жаңғыртылған "Мұнаймаш" кәсіпорыны іске қосылды, жобаның құны - 1,498 млрд теңге. Жобалық қуаты- жылына 7,5 мың сорғы жиынтығы.

"Өнімділік-2020" бағдарламасы бойынша "БРК-лизинг" арқылы жоғарытехнологиялық қондырғылар сатылып алынды, ол өндірілетін өнім көлемін ұлғайтып, оны жасау уақытын қысқартады, ал заманауи бағдарламалық қамтамасыз етулер, жұмысты компьютерлендіру өнім жасаудағы жоғары деңгейлі нақтылықтың кепілі. Оның үстіне, жаңа технологиялар механикалық өңдеу өнімділігінен бес есе артық өсімді қамтамасыз етеді, сондай-ақ электр энергиясы шығынын жылына 10 млн теңгеге үнемдейді.

Бүгін Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдың ІІ жартысында пайдалануға берілген Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларының тұсаукесеріне арналған Жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 10 жаңа кәсіпорынды іске қосады.

Индустрияландыру картасында барлығы 779 жоба бар. 2012 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 162 жаңа өндіріс орны іске қосылды.

2010-2012 жылдар арасында 537 жоба іске қосылды, 277 жоба (немесе іске қосылғандардың 51,6%) - 50% және одан жоғары деңгейде жүктеме алған, ал 141- толық көлемде жұмыс істеп тұр. Бұдан басқа, 305 кәсіпорын түпкі өнімді өндірсе, 36 кәсіпорын 520 миллиард теңгенің өнімдерін экспортқа шығарды. Жаңа кәсіпорындар 1 триллион 400 миллион теңгенің өнімін өндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны