31.10.2007, 16:01 6168

Жамбыл ГРЭС үшін жіберілетін өзбек газын ұлғайту мәселесі үстіміздегі жылдың аяғына дейін ғана шешілген - Энергетика және минералды ресурстар министрі

Жамбыл ГРЭС үшін жіберілетін өзбек газын ұлғайту мәселесі үстіміздегі жылдың аяғына дейін ғана шешілген - Энергетика және минералды ресурстар министрі

Астана. 31-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл ГРЭС үшін жіберілетін өзбек газының көлемін ұлғайту мәселесі үстіміздегі жылдың аяғына дейін ғана шешілген. Мәселені бүкіл жылыту маусымына шешу қатысты Мәскеу мен Ташкент арасындағы келіссөздерді жалғастыруды талап етеді. Мұндай пікірді бүгін Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің алқа отырысы барысында мекеме басшысы мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен бүгін Мәскеуден келдім, онда жыл аяғына дейін мәселе шешілген, ал қаңтардан бастап тасымал көлемінің ұлғаюына күмән келтіріп отыр, сондықтан қаңтарда проблема тағы басталуы мүмкін",- деп санайды С. Мыңбаев.

"Онда келіссөздер жүргізетін команда құру қажет (Мәскеумен және Ташкентпен - агенттік ескертпесі) және де "ҚазТрансГаз" келіссөздер жүргізу тобының қатарында міндетті түрде болуға тиіс", - деп қосты ол. "Бізде тек қараша айы ғана қалып отыр, жылдың аяғына дейін бұл мәселе жабық, қараша айы мен желтоқсанның ортасында бұл мәселені реттеу қажет",- деп атап өтті министр.

"Біз үстіміздегі жылы алғаш рет 3 миллиардтан астам текше метр өзбек газын алып отырмыз, өткен жылы бұл 2,7 млрд болған, ал қазір 3,3 млрд, сөйтсе де оңтүстікте жетіспеушілік туындауда, қалай болған күнде де бұл көлемді дұрыс бөлу керек",- деп қорытыдылады С. Мыңбаев.

Бұрын хабарлағанымыздай, дүйсенбіде, 29-қазанда, үкіметтегі селекторлық жиналыста "Самұрық" мемлекеттік холдингінің басшысы Қанат Бозымбаев, премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес "ҚазМұнайГаз" және "ҚазТрансГаз" компаниялары "Газпром" ААҚ-мен Жамбыл ГРЭС бір текше метрін 75 АҚШ долларымен 30 млн текше метр көлемінде қосымша өзбек газын тасымалдау туралы келіскендігін хабарлаған болатын.

"Бұл Жамбыл ГРЭС шиналарында электр қуатының тарифін бір кВт/сағатына 4,5 теңгеге дейін, немесе 27 - 28 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді",- деп қосты ол. Ол сондай-ақ, бұрын Жамбыл ГРЭС үстіміздегі жылдың аяғына дейін бір кВт/сағатына 6,2 теңгемен электр қуатын тасылдау туралы келісім жасағандығын еске сала кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны