Система Orphus

Жамбыл облысы 2016 жылы 900 мыӊ тонна шикізат пен тауарды экспорттады

09.09.2016, 16:29 4214

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 8 ай нәтижесі бойынша, Жамбыл облысы бойынша МКД-ніӊ кеден бақылауынан өткен сыртқы сауда айналымы 1 млрд 88 млн 409 мыӊ АҚШ долларын құрады, шикізат және тауарлардыӊ жалпы салмағы 1 млн 312 мыӊ 706 тонна. құрайды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Ал экспорт көлемі бойынша 808 млн 616 мыӊ АҚШ долларын құрады, шикізат және тауарлардыӊ жалпы салмағы 983 мыӊ 575 тонна. болса, импорт көлемі 279 млн 793 мыӊ АҚШ долларын құрады. Шикізат және тауарлардыӊ жалпы салмағы 329 мыӊ 131 тонна. Жамбыл облысында транзит тасымалдау операциялардыӊ көлемі 2635 мыӊ АҚШ долларын құрады, шикізат және тауарлардыӊ жалпы салмағы 3723 тоннаны құрап отыр.

Ағымды жылдыӊ 8 айы ішінде негізгі экспорттаушы мемлекеттер болып келесі елдер саналады; Қытай - 48,8%; Канада -12,3%; АҚШ -8,7%; Индия-7,8%; Франция- 5,5%; Германия - 4,4%; Чехия- 3,9%; Польша- 2,4%; Туркменстан - 1,8%.Кеден салықтары мен төлемдері ағымды жылдыӊ 8 айы ішінде түскен себебі, ол төмендегі көрсетілген экспортқа шығарылған тауарлар және шикізат кедендік рәсімдеуден өткізілді, атап айтқанда: химия өнеркәсібініӊ өнімдері - 82,1%; минералдық өнімдер- 3,2%; металлдар және олардан жасалған бұйымдар - 0,6%;азық-түлік өнімдері - 0,5%. Сонымен қатар, шет елдерінен импортталған тауарлар, оныӊ ішінде: машиналар,құрал-саймандар, көлік құралдары, приборлар,аппараттар - 27,7%; тоқыма және тоқыма өнімдері- 3,4%; аяқ киім - 3,2%;азық-түлік өнімдері - 37,3% ( оныӊ 98% қант құрағы,)

2016 жылдыӊ 1-ші құркүйегіне дейін таурларға 2091 кеден декларациялары толтырылды. Сонымен қатар, аталған мерзімінде транзит процедура бойынша 55 декларациялары рәсімделді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны