10.01.2014, 19:01 2918

Жамбыл облысы мал өсірушілері қысқа 1 млн тонна шөп дайындады

Жамбыл облысы малшылары қысқа 1 млн тонна шөп түсіріп алды. Бұл негізінен нормадан 18 пайызға артық, делінген хабарламада.

Алматы. 10 қаңтар. Kazakhstan today. Жамбыл облысы малшылары қысқа 1 млн тонна шөп түсіріп алды. Бұл негізінен нормадан 18 пайызға артық, делінген хабарламада.

"Облыстың малшылары қысқа сақадай. Тіпті олар негізгі қажеттіліктен артық мөлшерде шөп түсірген. Мысалға, биыл қысқа 893,5 мың тонна шөп керек болса, малшылар 1 млн 53,3 мың тонна түсірген. Жалпы алғанда, қысқы қор 32,7% артық дайындалған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қысқы қоралардың жағдайы да жаман емес. Малшылар отбасы азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.

Бүгінде өңірде 300 мың ірі қара, 2,3 млн қой-ешкі мен 88,8 мың жылқы бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны