08.04.2011, 15:29 3251

Жамбыл облысында бірінші жарты жылдықта алты инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Жамбыл облысында 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында алты инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 8 - сәуір. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында алты инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, облыс орталығынан шалғай жатқан Мойынқұм ауданы Ақбақай кентінде "Алтын алмас" АҚ "Ақбақай кластері" инвестициялық жобасын жүзеге асыруда. Құны 8 140 миллион теңге бұл жоба бойынша 450 азамат жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, "Альжан Азия" ЖШС 104 жылыжай құрылысын жүргізсе, бұл жұмыстарға 323,7 миллион теңге қарастырылып отыр екен. Ол жылыжайларда 110 адам жұмыс істейтін болады. "Қамқор - Локомотив" филиалы жылына 120 дана "Енисей - Қамқор" комбайнын құрастыратын цех салуда. 17 миллион теңгеге жүзеге асатын жоба аясында 20 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал, қуаттылығы сағатына 250 келі полиэтилен құбыр шығаратын зауыт құрылысын салу үшін "Тараз құбыр зауыты" ЖШС жалпы құны 692 миллион теңгені пайдаға асырмақ. Мұнда 30 жаңа жұмыс орны ашылса, "Энерджи Тараз" ЖШС жалпы сомасы 129,6 миллион теңге болатын жылына бес мың жарақтандыру құралдарын шығаратын өндірісті іске қосады. "Бурный ірімшік зауыты" ЖШС 191,4 миллион теңгеге жылына 1,7 миллион литр ультрапастерленген сүтті қайта өңдеу цехын салуда. Бұл жұмыстар алғашқы жыртыжылдықта жүзеге аса, екінші жартыжылдықта төрт инвестициялық жоба ел игілігіне ұсынылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны