04.02.2013, 10:32 5137

Жамбыл облысында Бурный ірімшік зауыты қайта жанданды

Жамбыл облысында Жуалы ауданында 2010 жылдан бері тұралап тұрған Бурный ірімшік зауытын іске қосу бойынша келісімге қол қойылды, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

Тараз. 4-ақпан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында Бурный ірімшік зауыты қайта жанданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жамбыл облысында Жуалы ауданында 2010 жылдан бері тұралап тұрған Бурный ірімшік зауытын іске қосу бойынша келісімге қол қойылды, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

"Тараз ИКБ" ҰК" АҚ, "Қазагроқаржы" АҚ және "Бурный ірімшік зауыты" ЖШС арасындағы келісім ірімшік және сары май өндірісімен айналысатын "Бурный ірімшік зауыты" серіктестігінің жұмысын қайта жандандыруды көздейді. Бұдан бөлек, кәсіпорын қызметінің жаңа бағытын - ультрапастерленген сүт өндірісін іске қосу қарастырылады.

2012 жылдың екінші жартысында Бурный ірімшік зауыты "Тараз ИКБ" ҰК" АҚ және "Қазагроқаржы" АҚ-ның қолдауымен ірімшік пен сары май өндірісін іске қосқан болатын.

Жаңа жобада "Тараз ИКБ" ҰК" АҚ "Бурный ірімшік зауыты" ЖШС-нің 121,8 млн. теңге сомасын құрайтын жарғылық капиталының 45 пайыз үлесіне ие.

"Қазагроқаржы" АҚ "Бурный ірімшік зауыты" ЖШС-мен бірлесіп сүтті ультрапастерленгенге дейін қайта өңдеу бойынша қолданыстағы жабдықтарды қосымша құрамдау үшін қажетті жабдықтарды сатып алуға міндеттеледі. Жабдықтардың құны - 58,8 млн. теңге.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны