06.11.2017, 19:04 5136

Жамбыл облысында қант қызылшасын жаппай жинау науқаны аяқталды

Биыл өӊірдіӊ Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Қордай, Шу, Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында жалпы көлемі 9 жарым мыӊ гектар жерге қант қызылшасы егілген болатын. Өткен жылы 5,6 мыӊ га жерден 104 мыӊ тоннадан астам қант қызылшасы жиналған.

Тараз. 6 қараша. Kazakhstan Today - Биыл өӊірдіӊ Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Қордай, Шу, Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында жалпы көлемі 9 жарым мыӊ гектар жерге қант қызылшасы егілген болатын. Өткен жылы 5,6 мыӊ га жерден 104 мыӊ тоннадан астам қант қызылшасы жиналған. Сонымен қатар, биыл мемлекетте зиянкестерді алдын алу және топырақтыӊ құнарлылығын арттыру мақсатында пестицидтердіӊ яғни еӊ төменгі нарықтық бағаны құрайтын тыӊайтқыштар түрлерініӊ 50 пайызы субсидияланады. Қант қызылшасын жинау науқаны қазан айында толық аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы Жамбыл облысыныӊ әкімдігі Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысыныӊ орынбасары Ерлан Күлкеев айтты.

Ағымдағы жылдыӊ көктем айында егілген 9500 гектар жердіӊ 9000 гектары ғана өнім берді. "Орталық-Азиялық қант корпорациясы" ЖШС Меркі аудандық филиалы өнімдерді қабылдау науқанын 2 қазан айынан бастап кетті. Ал Тараз қалалық филиалы ауылшаруашылығы тауарөндірушілер үшін есігін бүгін-ертеӊ ашады деп күтілуде. Изірше шаруалар тәтті түбірдіӊ келісіне 8 теӊгеден алуда. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімдеріне тиісті құжаттарды өткізген кейін, шаруаларға мемлекет тарапынан тиесілі келісіне 10 теӊгелік субсидия берілетін болады.

"Өткен жылы гектарына берілген субсидия көлемі 150 мыӊ теӊгені құрады. Ал биыл мемлекеттіӊ көмегі егін науқанына тікелей байланысты. Қант қызылшасын егу және жинау процессі жыл санап өзгеруде. Бұл - көптеген адамныӊ білек сыбана кірісіп, қыруар еӊбек пен қара жұмысты қажет ететін кәсіп. Қазіргі кезде шаруалар еӊбек механизациясы бойынша жұмыс істеуде. Өӊірде кейбір қожалықтарда адам еӊбегі минумуммен теӊеледі. Бүгінде 17 қызылша жинайтын комбайн мен тіркемелі тетіктер сатып алынған болатын. Мемлекеттіӊ әмиянынан алынған бұл техникалардыӊ басымы, жетеуі Меркі ауданына берілген. Қант қызылшасы егілген еӊ ауқымды жер көлемі де осы аудан. Барлығы - 2300 гектар. Сол себепті техника жағынан толық жабдықталуы да орынды. Дегенмен де, техника тапшылығы өӊірде әлі де сезіледі" - дейді Ерлан Кулкеев.

Қант қызылшасын өндірушілер үшін біліктіліктерін арттыру, егін егу мен суарудыӊ тыӊ әдістерін қолдану, тәжірибе алмасу мәселелері маӊызды. Осы ретте "Атамекен" ҰКП Агробіліктілік орталығыныӊ өткізетін семинарлары - шаруалар мен фермерлермен тікелей байланыс алаӊы болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешен сарапшылары шаруаларға дәріс оқып, бизнесті табысты етудіӊ жолдарын бағыттап, кәсіби біліктіліктерін арттыруға сеп болады. Өткен жылы "Қант қызылшасы" тақырыбында облыстыӊ шаруа қожалықтары тарапынан 127 адамныӊ қатысуымен 8 семинар өткізілген болатын. Ал, биыл дәл осы тақырыпта "Самғау" шаруа қожалығы, "Сыпатай батыр" ЖШС, "Адлер" ШҚ мен "Нұржан шаруа қожалықтары базасында "Озық технологияларды пайдалану - қант қызылшасы өнімін арттырады" тақырыбында семинарлар өткізілді.

Жер ананыӊ мол өнім беруіндегі тағы маӊызды фактор - ол минералды тыӊайтқыштарды пайдалану. 2017 жылы шілде-тамыз айында кәсіпкерлер палатасы "Еврохим" ЖШС бірге аудан шаруаларына үшін семинар өткізген болатын. Меркі ауданы Сұрат ауылы мен Жамбыл ауданында өткен семинарға Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Шу ауданынан келген 150-ден астам қант қызылшасын өндірушілер мен жергілікті атқарушы билік өкілдері, ауылшаруашылығы басқармасыныӊ мамандары қатысты.

"Еврохим" минералды тыӊайтқыштарды шығаруда Еуропа нарығында үздік үштіктіӊ құрамында және әлемдік нарықта 10 мықтыныӊ қатарында. Еврохим зауытыныӊ Еуропа, Солтүстік және Оӊтүстік Америкада өзініӊ өткізу жүйесі мен Ресей Федерациясында және ТМД елдерінде АгроОрталық форматындағы дамыған өткізу жүйелері бар. Агроорталықтардыӊ қойма кешендерінде ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері үшін қажетті химиялық өнімдердіӊ түр-түрі қарастырылған.

Ал, Қазақстанда "ЕвроХим" Химиялық кешенніӊ масштабты инфестициялық жобасын жүзеге асыруда. Жоба азот, фосфор, калий және мезо-микроэлементтерден тұратын минералды тыӊайтқыштарды шығаруға бағытталған. Қазіргі таӊда нитроаммофосканыӊ түрлі маркілері, аммиакті селитра, карбамид, сульфоаммофос тіркелген және қолданысқа дайын, сонымен қатар минералды тыӊайтқыштарды субсидиялау бағдарламасы бойынша да қолдануға болады. Тамырдан тыс жемтік үшін "Еврохим-Қаратау" ЖШС Нутрибор және Нутримикстан тұратын, сондай-ақ, суда еритін моноаммонийфосфат, монокалийфосфат, сульфат калия және тағы басқа жоғары микроэлементтерден тұратын өнімдерді ұсынады.

"Былтыр нитроаммофоска 23:13:8 минералды тыӊайтқышы қолданылған Баузақ ауданындағы "Байназаров и К" шаруа қожалығына қант қызылшасын гектарына 80 тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік берді. Сол себепті де бүгінде біз сенімді түрде Еврохим компаниясыныӊ тыӊайтқыштарын қант қызылшасын өндірушілеріне ұсынуды құптаймыз" - деп мысал келтірді Жамбыл облысыныӊ Кәсіпкерлер палатасыныӊ Агроөнеркәсіп кешені бөлімініӊ басшысы Руслан Рахымбаев.

Ал, Владимир Бондаренко меркілік "Трансфер" шаруа қожалығыныӊ басшысы, ағымдағы жылы (бұған дейін қолданыста болған) 20 миллион теӊгеге алты қатарлы комбайн сатып алған болатын. Алайда мұндай көлікке субсидия қарастырылған, ал жаӊа техниканыӊ да атына заты сай көптіӊ қалтасын көтере бермейді. Теориялық тұрғыда көпқатарлы комбайндар күніне 15-20 гектарда өнім түбірлерін жинауға қауқарлы. Алайда егін жинаудыӊ алғашқы күндері мұндай нәтижені күту екіталай болатын.

- Тәтті түбірдіӊ кейбіреулерініӊ салмағы 8-9 келіге дейін жетіп, ірі өнім бергендіктен техниканыӊ мүмкіндігі толыққанды егінді жинауға жетпей отыр. Осы сынды туындаған бірқатар қиындықтарды жергілікті тұрғындар шешу жолын қарастыруда. - В.Бондаренконыӊ пайымдауынша, комбайн бірнеше жылда өз шығынын ақтап шығу керек.

"Меніӊ шаруалығымда барлық еӊбек механикалындарылған. 38 гектар жерге егілген қызылшаныӊ бес гектары тамшылатып суару әдісі қолданылған. Мол өнім берген де осы жер учаскесі, себебі суару мен қоректік заттарды түбірдіӊ түбіне дейін жеткізу жүзеге асырылды. Өрісте сондай-ақ жаӊбырлатып суару әдісі енгізіген трактор жұмыс істейді. Ол трактор 100 метр жерді суаруға қауқары жетеді" - дейді шаруа қожалық жетекшісі.

Қазіргі таӊда "Трансфер" тағы екі қожалықпен бірігуде, ауылшаруашылығы өндірістік кооператив та құрылуда. Ортақ жерде бір мезгілде 100 гектарға дейін қызылша егу арқылы жаӊа техникаға субсидия алуға да мүмкіндік бар.

- Келесі вегетациялық кезеӊде өӊірге Франциядан қызылша тұқымыныӊ "бункер" және "тицилин" сынды жаӊа түрлерін әкелу жоспарланып отыр. Олар қоршаған ортаныӊ түрлі қолайсыздық тудыртқан әсерлеріне де төтеп бере алатын, төзімділік танытатын тұқым болып табылады. Алайда, бұл тұқымдар я аналық, я аталық формада болғандықтан, қызылша келесі репродукцияда кезінде тұқым бере алмайды, - деп атап өтті Ерлан Күлкеев.

Ал, Ресейліктір "батыс елініӊ тұқым шығаратын корпорациялары шаруаларды өз өнімдеріне тәуелді етуде" деп дабыл қағуда. Мысалы, американдықтар өсімдіктердіӊ өз өсінділерініӊ ДНК-сыныӊ деректер модулін жоюда. Егер де фермерлер мұндай тұқымдарды келесі егін науқанына дейін сақтап қалмақ болса, бұл өсімдіктен туған астықтар өспей қалады.

Осы проблеманы шешіп және қызылша өндірушілердә отандық егу материалдарымен толық қамту үшін өӊірде "Тараз" гибридті сұрыпты тұқымдарды өндіруді кеӊейту жоспарлануда. Мұндай сұрыпты шығару Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында бастау алған. Осылайша фермерлер қажетті мөлшерге дейін бір рет тұқымдарды сатып алып, бірнеше жыл ішінде өзініӊ жекеменшік тұқым базасын құрып, өндірушілерден тәуелді болмау жолдары қарастырылып жатыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны