08.05.2008, 14:30 6509

Жамбыл облысында қызылша өсіру шаруашылығы қайта жандандырылуда

Жамбыл облысында қызылша өсіру шаруашылығы қайта жандандырылуда

Тараз. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында қант қызылшасын жаппай өсіруді қайта жандандыруға талпынуда. Бұл туралы үкімет басшысымен өткізілген селекторлық жиында Жамбыл облысының әкімі Бөрібай Жексенбин мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Жамбыл облысында 80-ші жылдардың аяғына дейін қант қызылшасын 42 000 гектар алқапта өсіріп келген. 90-шы жалдардағы экономикалық өзгерістерге байланысты дақыл егетін алқаптар бес есе азайып, былтыр тіпті небәрі 290 гектарды құраған. Қант қызылшасын өсіру саласындағы мұндай тоқырау жергілікті қант зауыттарының (Жамбыл облысындағы "Қант" АҚ мен "Мерке қант зауыты" ЖШС) қант қызылшасының орнына қант қамысын өңдеуге артықшылық беретіндігімен байланысты. Олар отандық қант қызылшасын өсіру шаруашылығын дамытудан мүдделі емес, өйткені, қант қызылшасынан алынатын ақ қанттың өзіндік құны қант қамысынан алынатын өнімнің өзіндік құнынан жоғары.

Жамбыл облысында қазіргі жағдаймен қант қызылшасын өсірумен 7 аудан шұғылданады. Біршама көлемдегі дақыл Қордай, Рысқұлов және Мерке аудандарында егілді. Тұқым себіледі деп жоспарланған аумақ 6000 гектарды құрайды.

Бірінші кезеңде дихандар ауылшаруашылығы техникасынан тапшылық көрген. Бұл проблеманы "ҚазАгроФинанс" АҚ-ның арқасында Мойынқұм, Талас және Сарысу аудандарында шешуге мүмкіндік туды. Бұл мақсатқа 530 млн теңге бөлінген, бұл өткен жылғыдан 100 млн теңгеге артық. Украинадан сапалы тұқым сатып алынды.

Бұл жұмыстардың барлығы да ауылшаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның аясында жүзеге асырылуда.

"Оңтайландыру шаралары, ірі ауылшаруашылығы құрылдымдарын бөлшектеу және олардың орнына ұсақ шаруа қожалықтарын құру қант қызылшасының өндірісіне кері әсер етті. Мемлекет отандық тұқым өндірушілерді аграрлық өндірістің осы саласымен шұғылдануға ынталандыруға тиіс. 2007 жылы қант зауыттары қант қызылшасын 5100 теңгеге сатып алған. Бұл аса төмен баға. Егер зауыттар үшін қант қызылшасын өңдеу тиімсіз болса, онда мемлекет оларға субсидия түрінде көмек көрсетуге тиіс. Шығымдылықты бір гектардан 300 центнерге жеткізу үшін дақыл өсірудің қарқынды озық технологиясын ғана пайдалану керек. Өкінішке орай, облыстағы агробірлестіктерде мұндай мүмкіндіктер жоқ", - деді облыстық ауылшаруашылығы департаментінің директоры Мұрат Асылбеков.

2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен облыста 16 089 агробірлестіктер болған, оның 142 -сі АҚ және ЖШС, 59 -ы өндірістік кооперативтер, 15 886 -ы шаруа қожалықтары. Олардың арасында санаулысы ғана қант қызылшасын өсірумен шұғылданады.

"Қант" АҚ бір тәулікте 3 мың тонна қант қызылшасы мен 450 тонна қант шикізатын өңдей алады, ал "Мерке қант зауыты" ЖШС - 3 тонна қызылша мен 400 тонна қант шикізатын өңдей алады. Алайда, осы кәсіпорындарға қант қызылшасын жеткілікті көлемде өңдеу мүмкіндігіне кепілдік беру үшін аса ауқымды шығын жұмсау керек. Екі зауыттың маусымдық жұмысын қамтамасыз ету үшін шығымдылығы 350 центнерден 12 мың гектар аумақтан қант қызылшасын алу керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны