16.05.2014, 20:34 3179

Жамбыл облысында КО аясында минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауыт іске қосылады

КО игілігінің бірі Жамбыл облысында зауыттың құрылысы бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асуы, деп ҚР ИЖТМ Өндіріс комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков мәлім етті.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. КО игілігінің бірі Жамбыл облысында зауыттың құрылысы бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асуы, деп ҚР ИЖТМ Өндіріс комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков мәлім етті.

"Жамбыл облысының Қаратау қаласында "Кешенді минералды тыңайтқыштарды өндіретін зауытты салу және фосфор кен орнын игеру" инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Ілкімді істі іркілтпей Қазақстан Республикасының үкіметі "ЕвроХим" МХК" ААҚ бірлесіп іске асыруда", - деді Б. Қасымбеков.

Жобаны жүгезе асыуға 356,5 млрд. теңге жұмсалса, зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 1 млн. тоннадан астам фосфор, азот және минералды тыңайтқыштар кешенін құрады.

Сонымен қатар, 2014 жылға кенді алғашқы өңдеу жоспарланған. 2015 жылы зауыт фосфор ұнын өндіру бойынша жобалық қуаттылығына көшеді. Сондай-ақ, 2018 жылы химиялық кешеннің алғашқы өнімі шығарыла бастайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны