23.01.2014, 20:36 6020

Жамбыл облысында күн электр станциясы салынады

"Күн электр станциясының құрылысы және басқа мәселелер туралы аймақ басшысы Кәрім Көкрекбаев баламалы энергия саласында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар өкілдерімен кездесу барысында талқылады", - делінген хабарламада.

Алматы. 23 қаңтар. Kazakhstan today. Жамбыл облысында 2014 жылы қуаттылығы 50 мегаватқа жететін күн электр станциясы салынады, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

"Күн электр станциясының құрылысы және басқа мәселелер туралы аймақ басшысы Кәрім Көкрекбаев баламалы энергия саласында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар өкілдерімен кездесу барысында талқылады", - делінген хабарламада.

Жалпы, инвестор Жамбыл облысында баламалы энергия саласы бойынша 6 жобаны жүзеге асырмақшы. Ир күн электр станциясының қуаты 50 Мвт. құраса, олардың құрылысы кезең-кезеңімен жүргіледі.

Кездесу барысында аймақ басшысы қажетті инфрақұрылым мәселесін "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы арқылы шешеді деп сендірді. Жоспар бойынша күрделі жобаны жүзеге асырушылар "Тараз"ИКК" АҚ мен "KEGOK" АҚ бірлесе жұмыс істейтін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны