29.09.2009, 15:58 3380

Жамбыл облысында мал дәрігерлерінің айтарлықтай тапшылығы сезілуде

Жамбыл облысында мал дәрігерлерінің айтарлықтай тапшылығы сезілуде

Тараз. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында мал дәрігерлерінің айтарлықтай тапшылығы сезілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстың бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы Қылышбай Ахметовқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, "қазір облыста 600-ден астам мал дәрігері жұмыс істейді, ал қажетті сан одан екі еседей артық".

"Облыста мал дәрігерлерінің санының күрт азаюына мемлекет тарапынан олардың еңбегі үшін ақы төленбеуі себеп болған. Бірақ жағдай осыдан 4 - 5 жыл бұрын түбегейлі өзгеріп, мал дәрігерлеріне вакцина егу және қан алу жұмыстарына ақы төлене бастады. Алайда осы тұста алдан тағы бір тауқымет шықты: мал дәрігерлерінің жоғарғы буыны зейнет демалысына шықты, ал жастар малды емдеумен шұғылданғысы келмейді", - деді Қ. Ахметов.

Мал дәрігерлік инспектордың нақтылауынша, биыл республикалық бюджеттен мал дәрігерлерінің еңбекақысына Жамбыл облысында 661 млн теңге бөлінген, бұл былтырғыдан бес есе артық.

"Орта есеппен алғанда, ірі қара малдың вакцинасы үшін әрбір мал дәрігері мемлекеттен 40 теңгеден, ал малдың қанына жасалған әрбір талдау үшін 50 теңгеден алады", - деді Қ. Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны