12.12.2011, 12:06 5840

Жамбыл облысында медициналық бұйымдар шығаратын зауыт іске қосылды

Елбасының қатысуымен өтіп жатқан жалпыұлттық телекөпір барысында Жамбыл облысында "Супер Фарм" ЖШС-нің медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын зауыты іске қосылды. Жобаны облыс әкімі Қанат Бозымбаев таныстырды.

Тараз. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында медициналық бұйымдар шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елбасының қатысуымен өтіп жатқан жалпыұлттық телекөпір барысында Жамбыл облысында "Супер Фарм" ЖШС-нің медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын зауыты іске қосылды. Жобаны облыс әкімі Қанат Бозымбаев таныстырды.

"Құрметті Нұрсұлтан Ибішұлы! Тәуелсіздік жылдары облыста өнеркәсіптің мықты іргетасы қаланды. 2015 жылға шикізаттық емес экспорт көлемін 36 пайызға дейін көбейтуге, еңбек өнімділігін 1,4 есеге дейін ұлғайтуға қол жеткіземіз. Біз металл өңдеу саласында және арнайы химикаттар өндірісінде жаңа серпінге қол жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Бүгін біз жаңа өндіріс орнын - медициналық бұйымдар өндіретін зауытты іске қосамыз. Бұл зауытта медицина саласына арналған арнайы киімдер және бір келкі іш киімдер шығарылатын болады. Мұндай зауыт ТМД мемлекеттері арасында ең алғаш біздің облыста іске қосылғандықтан, біз көрші елдер нарықтарына еркін кіріп, тұрақты орын алуымызға толық мүмкіндігіміз бар", деді әкім өз сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны