22.04.2013, 13:51 13071

Жамбыл облысында сүт зауыты қайта қалпына келтірілді

Бұл кәсіпорын жұмыссыз тоқтап тұрған сүт зауыты базасында құрылды. 2010 жылы "Үміт Қордай" ЖШС Қырғызстан инвесторларымен бірігіп Ауқатты ауылындағы тоқырап тұрған сүт зауытын сатып алды. Ресей мен Беларусь елінен сүт өңдейтін қондырғы жеткізді. 2012 жылы тамыз айында жоба Жамбыл облысының Индустриаландыру картасына енгізілді.

Тараз. 22-сәуір. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында сүт зауыты қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қордай облысында "Үміт Қордай" ЖШС зауытының ашылуына облыс әкімі Қанат Бозымбаев қатысты.

Бұл кәсіпорын жұмыссыз тоқтап тұрған сүт зауыты базасында құрылды. 2010 жылы "Үміт Қордай" ЖШС Қырғызстан инвесторларымен бірігіп Ауқатты ауылындағы тоқырап тұрған сүт зауытын сатып алды. Ресей мен Беларусь елінен сүт өңдейтін қондырғы жеткізді. 2012 жылы тамыз айында жоба Жамбыл облысының Индустриаландыру картасына енгізілді.

Жобаның жалпы құны 100 млн тенге, өндіріс қуаттылығы жылына 4,8 мың тонна өнімді құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны