05.09.2011, 12:10 4038

Жамбыл облысында табиғи газ 28 пайызға қымбаттады

Бұл туралы облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасынан хабарлаған.

Жамбыл. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында табиғи газ 28 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасынан хабарлаған.

Басқарма бастығы Жеңіс Тұяқовтың айтуынша, тұрғындар үшін газ құны 28,4 пайызға өсіп, қосымша құн салығын қосып есептегенде, текшеметрі 12,2 теңгені құрады. Көгілдір отынның бұрынғы бағасы текшеметріне 9,5 теңге болатын.

Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметтеріне қарағанда, газға бағаның көтерілуі Амангелді кенішінде газдың жетіспеушілігі, сондай-ақ магистралдық құбырмен газ тасымалдау тарифтерінің өсуі себеп болды.

Аймақтың жылдық қажеттілігі 410 млн. текшеметр болса, Амангелді кенішінен биыл 320 млн.текшеметр газ өндіріледі деп болжамдалуда.

"Біз жетіспейтін 90 млн. текшеметр газды Өзекстаннан сатып алуға мәжбүрміз, ал өзбек газының бағасы Амангелді газының құнын екі есе көп", - деп түсіндірді Ж.Тұяқов.

Сондай-ақ газды магистралдық газ құбырымен тасымалдау тарифі де тұрғындар үшін мың текшеметріне 171 теңгеден 222 теңгеге, ал заңды тұлғалар үшін 420 теңгеден 898 теңгеге өсті, деп түсіндірді жағдайды ведомстводан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны