22.08.2016, 13:11 3515

Жамбыл облысында жыл соӊына дейін 6 мектеп ашу жоспарланған

Биылғы жылы облыстыӊ білім мекемелерін қаржыландыруға - 90,2 млрд. теӊге бөлінді, бұл алдыӊғы жылмен салыстырғанда 16,3%-ға артық.

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында жыл соӊына дейін 6 мектеп ашу жоспарланған.Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында әкімдігі білім басқармасы басшысыныӊ орынбасары Бекбатырова Жәмила Елеуқызы i?e?i aoo?.

Биыл Жамбыл облысыныӊ білім беру жүйесін дамытуға үлкен көӊіл бөлініп отыр. Биылғы жылы облыстыӊ білім мекемелерін қаржыландыруға - 90,2 млрд. теӊге бөлінді, бұл алдыӊғы жылмен салыстырғанда 16,3%-ға артық. Облыста білім нысандарыныӊ құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері облыста 71 мектеп, 20 балабақша, 1 колледж, барлығы 92 білім нысаны салынып, пайдалануға берілді. Осы жылдар ішінде 46 апатты, 8 үш ауысымды, 10 орын тапшылығы бар, 7 ыӊғайластырылған ғимаратта орналасқан мектептер мәселесі шешілді.

Мемлекет басшысыныӊ 2014 жылғы "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес апатты және үш ауысымды мектептердіӊ мәселелері оӊ шешімін табуда. Ағымдағы жылы 19 білім нысаныныӊ құрылысын жүргізуге 6,4 млрд. теӊге бөлінсе, оныӊ ішінде 4 мектеп пен 3 балабақшаныӊ құрылысы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық қоры есебінен салынуда. Жаӊа оқу жылына 6 мектеп пен 5 балабақшаныӊ құрылысы осы жылдыӊ соӊына дейін пайдалануға беріледі.

Жыл басында апатты жағдайда тіркелген 11 мектептіӊ 2-і жаӊа құрылыс есебінен пайдалануға берілсе, 3 мектептіӊ мәселесі 2017 жылы шешіледі, ал 6 мектептіӊ мәселесі 2017-2018 жылдары кезеӊ-кезеӊімен шешіледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар үш ауысымды мектептердіӊ мәселесі де басты назарда.

Жаӊа оқу жылында үш ауысымды 2 мектептіӊ құрылысы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Ұлттық қор есебінен беріледі. 1 мектептіӊ құрылысы ағымдағы жылы Ұлттық қор есебінен басталып, 2017 жылы аяқталады. Қалған 2 мектептіӊ жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Ағымдағы жылы 42 білім нысанын күрделі жөндеуден, 118 білім нысанын ағымдағы жөндеуден өткізуге 4 млрд 962 млн. 524 мыӊ теӊге бөлінді.

2015 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудыӊ 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудыӊ 1-ші кезеӊі аяқталып, бағдарламада көзделген 5 мақсатты индикатор мен 19 көрсеткішке қол жеткізілді.

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесін арттыру мақсатында нақты жұмыстар атқарылуда. Биылдыӊ өзінде осы мақсатқа 6,4 млрд теӊге бөлінді.

Өткен жылы - 1190 орын ашу жоспарланса, жоспар 2 есе артық орындалып, 14 балабақша, 7 шағын орталық ашылды.

Ал, жаӊа оқу жылында 6 балабақша ашылып, 390 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылады. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 280 орындық 3 балабақша және жергілікті бюджеттен 140 орындық 2 балабақшаныӊ құрылысы жүргізіліп, жыл соӊына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Мемлекеттік - жекеменшік әріптестік негізінде 2015 жылы - 980 орындық 10 балабақша ашылса, ағымдағы жылдыӊ басынан бүгінгі күнге дейін 440 орындық 5 балабақша ашылды.

Сондай-ақ, мұғалімдердіӊ біліктілігін арттыруға, имиджін көтеруге, материалдық ынталандыруға ерекше көӊіл бөлінуде. 2012 жылдан бастап 16 педагог Республикалық "Үздік педагог" байқауында жеӊімпаз атанып,1000 айлық көрсеткіш негізіндегі грантты иеленді.

2012 жылдан бүгінгі күнге дейін 22917 педагог білімдерін жетілдірді. Деӊгейлік курстардан өткен мұғалімдердіӊ айлық жалақыларына үстеме ақы төлеу үшін 1 млрд 41 млн 69 мыӊ теӊге бөлінді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны