26.04.2012, 12:38 5092

Жамбыл облысындағы цемент зауыты табысты өнім беруде

Жамбыл облысының Үдемелі Индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы ең ірі жобаларының бірі - "Мыңарал Тас Компани" ЖШС "Цемент зауытының құрылысы" жобасы болып табылады. Өндірістің қуаттылығы жылына 1,2 млн. тонна цементті құрайды.

Астана. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Жамбыл облысындағы цемент зауыты табысты өнім беруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жамбыл облысының Үдемелі Индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы ең ірі жобаларының бірі - "Мыңарал Тас Компани" ЖШС "Цемент зауытының құрылысы" жобасы болып табылады. Өндірістің қуаттылығы жылына 1,2 млн. тонна цементті құрайды.

2010 жылы жүзеге асырылған жобаның құны 34,9 млрд. теңге. Зауыт 350 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. 2011 жылы компания "Қазақстанның ең үздік тауарлары" көрмесінің аймақтық конкурсында бірінші орынды иеленді.

Зауыт цементті құрғақ күйінде шығару технологиясының көмегімен жұмыс істейді, бұл цементі дымқыл күйінде жасау әдісіне қарағанда, технологиялық желілердің өнімділігін арттырып, қоршаған ортаға шығатын зиянды қалдықтар көлемін бірнеше есеге азайтуға мүмкіндік береді.

Қазір цементтідымқыл күйінде жасау әдісі басым болып отырған Қазақстан үшін бұл нағыз инновациялық тәсіл болып табылады. Зауыт өзінің темір жол терминалымен жабдықталған. Жекеменшік теміржол паркі зауыттан шығатын цементті Қазақстанның кез келген аймағына тікелей жеткізуге жол ашады.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі Индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысында жалпы құны 136,6 млрд. теңгеден асатын 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Бұл жобалар жүзеге асырылса шамамен 4,1 мың жұмыс орны ашылады. Оның ішінде 6 жоба (жалпы құны 104,3 млрд. теңге, 1,8 мың тұрақты жұмыс орнын ашуды көздейтін) республикалық Индустрияландыру картасына және 17 жоба (жалпы құны 32,3 млрд. теңге, 2,35 мың тұрақты жұмыс орнын ашуды көздейтін) аймақтық Индустрияландыру картасына жатады. 2010-2011 жылдары Жамбыл облысында жалпы құны 78,9 млрд. теңге болатын және 3,0 мың жұмыс орны ашылған Индустрияландыру картасының 17 жобасы іске асқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны