30.06.2018, 00:05 4849

Жамбыл облысындағы фосфорит кенін өӊдеу жобасыныӊ бірінші кезеӊіне құйылған инвестиция көлемі 126 млн. долларды құрап отыр

Екінші кезеӊ аясында жұмыстардыӊ 70%-дан астамы жүргізіліп болды, жобалау жұмыстары жүргізіліп, химиялық кешенді салу үшін алаӊдар дайындалып, жабдық жеткізушілерді іріктеу және олармен шартқа отыру бағытында жұмыс жасалып жатыр. Химиялық зауытты іске қосу операцияларын бастау 2021 жылға жоспарланған, ал 2022 жылы жоба толық қуаттылығына шығады.

Түркістан. 30 маусым. Kazakhstan Today - 28 маусым күні "ЕуроХим" Минералды-химиялық компаниясына тиесілі "ЕуроХим-Қаратау" кәсіпорныныӊ Қазақстанда ресми қызметін жүргізе бастағанына 5 жыл толады. Қазақстан Республикасы Үкіметі және "ЕуроХим" компаниясы арасындағы ынтымақтастықтыӊ тарихы 2012 жылы Жамбыл облысында "Қазақстан Республикасындағы Қаратау фосфорит алабыныӊ кен орындарын игерумен және минералды тыӊайтқыштарды шығарумен айналысатын зауыт құрылысы" Инвестициялық жобасы жөнінде мәмілеге қол қойылған сәттен бастау алады. Дәл сол жылы "ЕуроХим" Көкжон кенорнындағы фосфат шоғырыныӊ үш телімін (фосфор оксидініӊ қоры 138 млн. тоннаға теӊ) игеру үшін жер қойнауын пайдалану жөнінде лицензия алған еді. Қазіргі уақытта Жамбыл облысыныӊ аумағында компанияныӊ 3 кәсіпорны қызмет жүргізеді, "ЕуроХим-Қаратау" солардыӊ ішіндегі көшбасшы кәсіпорын болып табылады.

Бүгінгі күні "ЕуроХим-Қаратау" кәсіпорны жобаныӊ бірінші кезеӊін аяқтап бітіріп, фосфорит кенін өӊдеу және бастапқы қайта өӊдеу бойынша жоспарланған қуаттылығына жетті. Бірінші кезеӊге құйылған инвестиция көлемі 126 млн. долларды құрап отыр. Екінші кезеӊ аясында жұмыстардыӊ 70%-дан астамы жүргізіліп болды, жобалау жұмыстары жүргізіліп, химиялық кешенді салу үшін алаӊдар дайындалып, жабдық жеткізушілерді іріктеу және олармен шартқа отыру бағытында жұмыс жасалып жатыр. Химиялық зауытты іске қосу операцияларын бастау 2021 жылға жоспарланған, ал 2022 жылы жоба толық қуаттылығына шығады.

"ЕуроХим" компаниясыныӊ Қазақстанда қызмет жүргізіп келе жатқан жылдары ішінде 500 жұмыс орны құрылды, кәсіпорындарда еӊбек ететін қызметкерлердіӊ 85%-ы Жамбыл облысыныӊ тұрғындары болып табылады. Химиялық кешен құрылысы аяқталған соӊ, өндірісте 1000-ға тарта маманды және сабақтас салаларда 2000-нан аса адамды жұмыспен қамту көзделген.

"ЕуроХим" компаниялар тобы қысқа мерзім ішінде айтарлықтай өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізді: 2017 жылдыӊ наурызында1 000 000 тоннаға теӊ фосфорит кені өӊдіріліп, 2018 жылдыӊ ақпанында фосфорит ұнтағыныӊ миллионыншы тоннасы өндіріліп, тұтынушыларға жеткізілді.

2018 жылдыӊ мамырындағы жағдайға сәйкес компанияныӊ төлеген салық көлемі шамамен 11 млрд. теӊге құрады. Жобаныӊ жүзеге асырылып жатқан кезеӊі ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшартқа сәйкес өӊірдіӊ әлеуметтік қажеттіліктері үшін республикалық және облыстық бюджетке 4 млрд. теӊгеден аса қаржы аударылды.

"ЕуроХим-Қаратау" компаниясыныӊ бас директоры Дмитрий Валышев атап өткендей: "Ирбір маманға өз әлеуетін іске асырып, ұдайы дамып отыруға жағдай жасайтын команданы құру кәсіпорынныӊ басты құндылығы болып табылады. Сондай-ақ, Жаӊатас қаласын дамыту қашанда компанияныӊ басты басымдық беретін қызметтерініӊ бірі болып қала бермек. Біз аймақтағы билікпен әлеуметтік серіктестігімізді дамытып, білім беру, медицина және спорт салаларын қолдау үшін жергілікті қауымдастыққа ары қарай да көмектесуге дайынбыз".

Компания туралы анықтама

EuroChem Group AG - негізінен азоттық және фосфорлық тыӊайтқыштарды, сондай-ақ, органикалық жолмен синтезделген өнімдерді және темір кенін өндіретін әлемдегі жетекші агрохимиялық компания. Топ құрылымы тігінен ықпалдастырылған және оныӊ қызмет шеӊберіне пайдалы қазбалар мен көмірсутекті өндіруден бастап, тыӊайтқышарды өндіру, логистикасы және дистрибуциясына дейінгі қызмет түрлері кіреді.

ЕуроХим компаниясы 2008 жылы "Сары-Тас" АҚ мемлекеттік акциялар қоржынын сатып алған уақыттан бері Қазақстанда қызметін жүргізіп келеді. Сол кезеӊде зауыттыӊ іссіз тоқтап тұрғанына 15 жыл болған-тын. Компания барлық берешектерді, салықтар мен зейнеткерлік аударымдарды төлеп, жұмысшылар өз еӊбекақыларына қол жеткізді. 2009 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Жаӊатас қаласында "ЕуроХим-Тыӊайтқыштар" ЖШС жұмысын бастады, ал 2013 жылы "ЕуроХим-Қаратау" ЖШС пайда болды. Толығырақ ақпаратты Топтыӊ сайтынан таба аласыз: www.eurochemgroup.com.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны