20.05.2008, 10:06 1459

Жамбыл облысындағы шегірткемен күрес тоқтаудың аз-ақ алдында

Жамбыл облысындағы шегірткемен күрес тоқтаудың аз-ақ алдында

Тараз. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысындағы шегірткемен күрес тоқтаудың аз-ақ алдында, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оған себеп Оңтүстік Қазақстан облысының егіс даласында улы химикаттар шашқан әуе компаниясына ақша төленбеген. Авиаторлардың егіс алқабын өңдеуді былай қойғанда, Жамбыл облысына жететін жол шығындары қалмай қылған.

Шегіртке қаптаған кезде авиациялық отрядтар Оңтүстік Қазақстанның мыңдаған гектар егіс алқабы мен жайылымдарына химикат шашқан. Жұмыс көлемі 6 миллион теңгеденасқан. Алайда, авиаторларға ақша төленбегелі бір аптаның жүзі болған.

"Бізбен бір де бір келісім жасалған жоқ. Біздің қызметтік шығындарымыз болды. Бізді лақтырып кетті. Менде орындалған жұмыстардың актісі бар. Алайда, оны кімге берем, кімнен ақша сұраймын, білмеймін. Мен барлық табалдырықтарды тоздырдым, барлық кабинеттерге кірдім", - деп хабарлады әуе компаниясының директорының орынбасары Бауыржан Өтепов.

Б. Өтеповтың әуе отрядын шұғыл түрде Тараздан шақырып алған. Ұшқыштар Оңтүстік Қазақстанда шығындаған қаражат Жамбыл облысының егіс даласын өңдеуге арналыпты.

"Қазіргі күні Жамбыл облысында шегірткемен күрес мемлекеттік бағдарламасының тоқтау қаупі төніп тұр. Облыс әкімдігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтейді. Ал ол әкімдікке нұсқайды. Ал арасындағы мен не істерімді білмеймін", - дейді Б. Өтепов.

Жамбыл облысын шегірткеге қарсы өңдеу 8 мамырда басталған. Дегенмен авиаторлардың көмегінсіз барлық жұмыс еш кетпек.

Сонымен қатар, біздің тілшіміздің хабарлауынша, Қырызстан Республикасының Талас және Шу облыстарында шегірткелердің ауыл шаруашылық жерлеріне орын ауыстырғаны байқалған. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында Қырғызстанның ауыл, су шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрі Арстанбек Ногоев хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстанның Жамбыл облысының шекаралас аудандарынан Талас облысына шегірткелердің көшуі орын алған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, өңдеу 1 мың гектар жерге жүргізіледі. Шу облысында шегірткенің дернәсілін анықтау үшін 4 040 гектар жерге зерттеу жүргізілді. Кейбір аудандарда 2 060 гектар жерге дейін шегіртке құрты толып алған", - деп толықтырды министр.

Өңдеу қажет етілетін республика бойынша барлығы 79 656 гектар жердің шегірткеге қарсы өңделіп қойғаны 58 350 гектар жер. Атап айтқанда, Жалалабад облысында 46 026 гектар, Баткен облысында 7 65гектар, Ош облысында - 4 666 гектар жер өңделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны