09.04.2018, 20:24 3639

Жамбыл облысындағы жеті шенеунік бизнеске кедергі келтіргені үшін жауапқа тартылған

Өӊірлік кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Мәріпбек Шәкербек өзініӊ сөзінде Палатаға бизнесмендер шағымданғаннан кейін жыл басынан бері алты шенеунік - тәртіптік жауапкершілікке, бір шенеунік - әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Былтыр Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасына 162 өтінім түскен, оныӊ ішінде 59 өтінім оӊ шешілді

Тараз. 9 сәуір. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Кәсіпкерлер палатасы Өӊірлік кеӊесініӊ отырысына қатысты. Іс-шараға Жамбыл облысыныӊ әкімі Асқар Мырзахметов, мемлекеттік органдар мен өӊір бизнесініӊ өкілдері қатысты.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ бизнесті қорғау бағытындағы жұмысыныӊ нәтижесі туралы айтқан Тимур Құлыбаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Жоғарғы сотпен байланыс орнатқанын атап өтті.

"Кәсіпкерлердіӊ ісі сотта қаралғанда көп жағдайда іс мемлекеттік органдардыӊ пайдасына шешіледі. Былтыр бұл тәжірибені бірлесіп зерттеу және жою үшін Жоғары сотпен Жол картасына қол қойдық. Жалпы айтатын болсақ, "Атамекен" жұмыс істегелі бері Ұлттық палатаға 22 мыӊнан аса өтінім келіп түсті, оныӊ 40%-ға жуығын оӊ шешілді. Осылайша, 92 млрд теӊгеден астам сомада кәсіпкерлердіӊ мүліктік құқығы қорғалды", - деп хабарлады Тимур Құлыбаев.

Бизнесті қорғауға өӊірлік деӊгейде де басымдық берілген.

Өӊірлік кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Мәріпбек Шәкербек өзініӊ сөзінде Палатаға бизнесмендер шағымданғаннан кейін жыл басынан бері алты шенеунік - тәртіптік жауапкершілікке, бір шенеунік - әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Былтыр Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасына 162 өтінім түскен, оныӊ ішінде 59 өтінім оӊ шешілді. Кәсіпкерлердіӊ 2,5 млрд теӊгеге мүліктік құқығы қорғалған.

Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерліктіӊ өӊір экономикасына салған айтарлықтай үлесі де атап өтілді. Былтыр бизнестен жалпы сомасы 28,5 млрд теӊге салық түкен, яғни облыс бюджетініӊ 35%-ын құраған.

Кәсіпкерлер палатасы әкімдікпен бірлесіп, сауда орындарыныӊ сыртқы сипатына бірыӊғай стандарт пен талап қоя отырып, бизнеске саудасы үшін бос орындарды беру бағдарламасын дайындауда. Сонымен қатар өӊірде коммуникациясы жүргізілген орындарды жалға беретін шағын индустриялық аймақ құру мәселесі де талқылану үстінде.

Жамбыл облысында Ұлттық палатасыныӊ бастамасымен қолға алынған "Бастау" бизнесі сәтті жүзеге асырылып отыр. 2017 жылы өӊірде 1125 азамат кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алды. Биыл бұл көрсеткішті екі есеге ұлғайту көзделген. Сонымен қатар Жамбыл облысыныӊ еӊ аз дегенде 500 азаматы жеке кәсібін ашады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны