06.04.2020, 17:07 6850

Жамбыл облысында қайта жаңартылған Аспара су торабы іске қосылды

Жамбыл облысының Мерке ауданында қайта жаңартылған Аспара су торабы мен қоректендіру трактісін іске қосу өткізілді. Шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Экология, геология жәнетабиғиресурстар вице-министрі Сергей Громов қатысты.

Алматы. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында қайта жаңартылған Аспара су торабы іске қосылды.

Жамбыл облысының Мерке ауданында қайта жаңартылған Аспара су торабы мен қоректендіру трактісін іске қосу өткізілді. Шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Экология, геология жәнетабиғиресурстар вице-министрі Сергей Громов қатысты.

"2018 жылы Қырғыз Республикасынан су тәуелділігін ішінара шешу үшін, каналдың өткізгіштік қабілетін 7,0 м3/сек-тан 9,0 м3/сек дейін арттыру және 2,5 мың гектар суармалы жерді Үлкен Шу каналының батыс тармағына жүктелген суармалы алқаптарға кепілді су жеткізу мақсатында, Аспара су торабын және қоректендіру трактісін қайта жаңғырту туралы шешім қабылданды."-деп атап өтті вице-министр.

Құрылыс барысында қоректендіру каналын ғана емес, жеткізу арнасын, тұндырғышты, автожол көпірлерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар өткізілген, сондай-ақ автоматтандырылған суды есептеу жүйесі толық жаңартылған.

"Бүгінгі күні құрылыс аяқталды, және біз суды Аспара жүйесінің каналдарының астындағы Мерке ауданының егістіктеріне ғана емес, ал Үлкен Шу каналының батыс тармағы каналының астындағы 2,5 мың гектар алаңды кепілді түрде қоректендіре аламыз."-деп атап өтті Сергей Громов.

Аспара су торабы 1928 жылы пайдалануға енгізілген. Қайта жаңғыртудан кейін каналдың өткізгіштік қабілеті секундына 7 текше метрден 9 текше метрге дейін артты, сондай-ақ тағы 1,5 мың га суармалы жер қосылды. 3,7 мың га суармалы жер жүктелген Аспара қоректендіру трактісі каналының 7,6 км бетон жабыны ауыстырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны