13.09.2007, 17:01 3106

Жаңа кедендік нормалар Қазақстан экономикасына шығын әкеледі - "Атамекен" өкілдері

Жаңа кедендік нормалар Қазақстан экономикасына шығын әкеледі.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 13 қыркүйек. АЛМАТЫ. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден және салық нормаларын жеңілдету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу Қазақстанның беделі мен экономикасына нұсқан келтіреді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстанның "Атамекен" Одағы" ұлттық экономикалық палатасының өкілі Алма Нұрғожаева мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 383-бабында

"заңнамасында кедендік декларация рәсімдеу қарастырылмаған елдерден басқа жүк жіберуші барлық елдер жүктің кедендік декларациясын міндетті түрде келтіруге тиіс деген ереже енгізілген". Қазақстандық кеден брокерлерінің қауымдастығы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаковтың айтуынша, аталмыш ережені енгізу - "өте қатаңдық болып табылады... біздің заң шығарушылар барлық 214 елдің юрисдикциясына белсенді араласып отыр". "Аталмыш құжатты көптеген елдерден алу мүмкін емес. Қазақстан бұл жағдайда контрабандалық қатынастарды заңдастырушы ролін атқарып отыр",- деп қосты ол.

Сонымен қатар, Қазақстанның Кәсіпкерлер форумының атқарушы директоры Мунавара Палташева, "бұл жағдайда сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысатын кәсіпкерлер ғана емес, бұл заңға сондай-ақ кеден органдары да дайын емес... Заң әбден шыққан соң ғана кеден қандай елдердің экспорттық декларация беретіндігін анықтай бастады",- деп атап көрсетті.

Таратылған баспасөз баянында, қазіргі уақытта уақытша сақтау қоймаларында заңды түрде әкелінген тауарлардың көптеген бөлігі бөгеліп қалғандығы айтылған. Аталмыш жағдай қазір Қазақстанға экспортталатын тауар бағасының қымбаттауына, келісім-шарттық міндеттердің орындалмауына алып келуі және осының салдарынан тұтыным құнының өсуі мен инфляцияға әкеп соқтыруы мүмкін.

"Сол себепті бізде заңды экспорттық декларация беретін ел де жоқ, нақты белгіленген форма да жоқтығына байланысты барлық тауар кедендегі уақытша сақтау қоймаларында қордаланып қалды. Жүктің кейбір бөлігін тұтынушылар қайтарып жатыр. Бізде заңдар дилетанттық көзқараспен жасалады",- деп қосты Г. Шестаков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны