30.06.2008, 19:36 7601

Жаңа Салық кодексінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге, коммерциялық емес ұйымдарға берілетін және әлеуметтік саладағы жеңілдіктерден басқаларының барлығы да жойылады

Жаңа Салық кодексінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге, коммерциялық емес ұйымдарға берілетін және әлеуметтік саладағы жеңілдіктерден басқаларының барлығы да жойылады

Алматы. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа Салық кодексінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге, коммерциялық емес ұйымдарға берілетін және әлеуметтік саладағы жеңілдіктерден басқаларының барлығы да жойылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігінде жаңа Салық кодексін талқылау барысында ҚР Салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі .

Сондай-ақ, алдыңғы кезеңге салықтық есептілік жасау үшін дайындық кезеңі мен тапсыру мерзімі 20 күннен 45 күнге ұлғаяды, деп хабарлады Н. Рахметов.

Сонымен қатар, Салық кодексі қамтыған нормативтік-құқықтық актілердің саны 131-ден 79-ға азайтылады. Оның ішінде салықтық әкімшілікке байланыстысы 46-дан 29-ға азаяды. "Сондай-ақ, салық есебін салық төлеушілерге қарапайым қылуға мүмкіндік беретін жаңа түсініктер енгізілді", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны