30.07.2008, 16:03 2938

Жаңа Салық кодексінде салық төлеушілерге сатылған тауарлар бойынша шот-фактуралардың реестрін көрсету міндеттемесі енгізіледі

Жаңа Салық кодексінде салық төлеушілерге сатылған тауарлар бойынша шот-фактуралардың реестрін көрсету міндеттемесі енгізіледі

Астана. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа Салық кодексінде салық төлеушілерге сатылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша шот-фактуралардың реестрін көрсету міндеттемесі енгізіледі. Бұл туралы еліміздің үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қаржы министрлігінде өткен кеңесте айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қаржы министрлігінің өтінішімен біз салық төлеушілердің сатып алған тауарлары, жұмыстары мен қызметтері бойынша шот-фактуралардың реестрін көрсету міндеттемесін сақтай отырып, сонымен бірге сатылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша шот-фактуралардың реестрін көрсету міндеттемесін енгіздік", деді Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, бұл салық әкімшілгін жақсарту үшін жасалып отыр.

Осыған байланысты үкімет басшысы Қаржы министрлігіне үкімет жаңа Салық кодексінің жобасын бекіткен соң бір айдың ішінде "Салық әкімшілігін жақсарту жөніндегі іс-шаралардың жоспарын" жасап таныстыруды тапсырды.

"Біз жаңа салық кодексінің нормаларының декларативтік сипатта ғана болуына жол бермеуіміз керек, заңның барлық ережелерін салық төлеушілермен бірге салық қызметінің органдары да бұлжытпай орындауға тиіс. Осындай талап күшейтіледі. Салық комитеті тек салық әкімшілігін жақсартып қана қоймай, сонымен бірге тәуекелдерді басқару жүйесін де енгізуге тиіс. Жалпы алғанда еліміздің экономикалық саясатында тәуекелдерді басқару бірінші орыға шықты, соның ішінде салық комитеті үшін де", - деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны