24.12.2007, 19:24 3292

Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштардың тамырына заңсыз балта шабудың 9 әрекеті әшкереленді-АШМ

Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштардың тамырына заңсыз балта шабудың 9 әрекеті әшкереленді-АШМ

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа жыл қарсаңында арнайы рейдтік шаралар жүргізу кезінде қылқан жапырақты ағаштардың тамырына заңсыз балта шабудың 9 әрекеті айқындалды. Бұл туралы агенттікке ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінде хабарлады.

"Қылқан жапырақты ағаштарды кесудің 9 әрекеті әшкереленіп, 9 хаттама толтырылып, 238 жаңа жыл шыршасы тәркіленді ", - деп атап кетті баспасөз қызметінде.

Ауыл шаруашылық министрлігі хабарлағанындай, "Ақмола облысының "Жасыл аймақ" РМК қызметкерлерімен ұйымдастырылған тексеру шаралары барысында, Қызылжар орман шаруашылығында Целиноград ауданының Қоянды ауылының тұрғыны ұсталды. Ол 116 қарағайды қарпып үлгерген ".

Сондай-ақ, " Шербақтының АІІД қызметкерлері орманға нұқсан келтірген Шербақты ауданының Қосқудық ауылының тұрғынын қолға түсірген. Ол Қарабидай ауылдық аймағындағы жер қорындағы орманынан 111 ағашты кескен", - деді баспасөз қызметінде.

Заңсыз ағашты шапқаны үшін іс АІІД қарауына берілді. Бұл қылмыс үшін,

3 жылға дейін бас бостандығынан айыру бабы қарастырылған.

АШМ атап кеткеніндей, қылқан жапырақты ағаштардың тамырына балта шабуға тиым салынған. Мемлекеттік орман шаруашылығының иелері облыс әкімдіктерінің өтінімі бойынша, ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығының рұқсатымен мәдени-жаппай шараларын жүргізу үшін ғана жаңа жыл шыршалары беріледі..

Биылғы жылы комитет тарапынан 28943 жаңа жыл шыршалары дайындалып берілетін болды. Оның 12173 мемлекеттік орман иелермен дайындалды.

Заңсыз ағаштарды шабуға қарсы күресті күшейту мақсатында республика бойынша мемлекеттік инспекторлар, орманды қорғау және құқық қорғау органдары қызметкерлері қатарынан 524 тексеру тобы құрылды. Орманның кіре берістерінде 341 бекеті тұрғызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны