24.01.2019, 19:44 11207

Жаӊа жылдыӊ 1 қаӊтардан бастап "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" клиенттерге қызмет көрсетуде талондық жүйені енгізді

Талон басылғаннан кейін несиелеу өтінімі қарастыруға жіберіледі. Клиент kazagro.kz порталында жеке кабинетке кіріп, өз өтінімініӊ қай кезеӊде тұрғанын анықтай алады.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жаӊа жылдыӊ 1 қаӊтардан бастап "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" клиенттерге қызмет көрсетуде талондық жүйені енгізді. Енді клиентке несиелеуге өтінім тапсырылған кезде жоспарланған несие бойынша негізгі мәліметтері көрсетілген талон беріледі.

- Бұл жүйе несиелеу өтінімдерін қарастыру ашықтығын қамтамасыз етеді, - дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ несиелеу бойынша басқарушы директоры Думан Оспанов. - Талонда несиелеу шарттары, тапсырылған құжаттардыӊ тізімі, өтінім берілген күні мен өтінімді қарастыру аяқталатын күн көрсетіледі. Өтінімді қарастыру бойынша бизнес-процесс толығымен сайтта көрсетіледі, клиент өз өтінімініӊ жолын kazagro.kz порталында тіркеліп, көре алады.

Талонда клиенттіӊ атауымен қатар несиелеу бағдарламасы, қаржыландыру көзі, сома, пайыздық үстеме, негізгі борыш пен сыйақы бойынша жеӊілдетілген мерзім, сонымен қатар өтінімді қабылдаған менеджердіӊ мәліметтері мен байланыс телефоны көрсетіледі.

Сондай-ақ, талон клиенттіӊ қаржыландыруға қажетті құжаттар пакетін тапсыруын дәлелдейді.

Талон басылғаннан кейін несиелеу өтінімі қарастыруға жіберіледі. Клиент kazagro.kz порталында жеке кабинетке кіріп, өз өтінімініӊ қай кезеӊде тұрғанын анықтай алады.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ - "ҚазАгро" холдингі құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйым. Қордыӊ негізгі мақсаты - ауыл халқыныӊ қаржылық қызметтер мен ресурстарға қолжетімділігін арттыру.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны