11.01.2016, 14:47 3987

Жаӊа жылға жаӊа жоспармен

Елорда әкімдігініӊ 2016 жылдағы бірінші аппарат отырысында Астана әкімі Иділбек Жақсыбеков барлық қалалық қызметтердіӊ жаӊа күнтізбелік жылдағы жұмыстарыныӊ негізгі бағыттарын белгілеп берді. Еӊ алдымен олар Мемлекет басшысыныӊ Бес институционалдық реформасын іске асыруға негізделмек

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Елорда әкімдігініӊ 2016 жылдағы бірінші аппарат отырысында Астана әкімі Иділбек Жақсыбеков барлық қалалық қызметтердіӊ жаӊа күнтізбелік жылдағы жұмыстарыныӊ негізгі бағыттарын белгілеп берді. Еӊ алдымен олар Мемлекет басшысыныӊ Бес институционалдық реформасын іске асыруға негізделмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қала басшысы 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап күшіне енген негізгі заӊнамалық өзгерістерге тоқталып өтті. Мемлекеттік аппарат тиімділігін арттыруға бағытталған бірінші реформа мемлекеттік қызметті жаӊғыртуға негізделеді. Икімніӊ атап өтуінше, біруақытта қабылданған және өзара байланысты мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес туралы заӊдар, жаӊа Мемлекеттік қызметшілердіӊ этикалық кодексі әрбір әкімдік қызметкерініӊ күнделікті жұмысында басшылыққа алынуы тиіс, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

1 қаӊтардан бастап жергілікті полиция қызметі өз жұмысын бастады, оныӊ құрамына 1,5 мыӊға жуық полиция кірді. Аталған қызметтіӊ бастығы болып бұған дейін әкімшілік полицияны басқарып келген полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев тағайындалды. И. Жақсыбековтыӊ айтуынша, жергілікті полиция қызметі бірінші кезекте қоғамдық тәртіптіӊ жағдайы үшін жауапкершілікті арттырады, сондықтан жұмыстыӊ тиімділігі артуы керек. "Халық жол-патрульдік қызметтіӊ жақсырақ жұмыс істей бастағанын, ал учаскелік инспекторлардыӊ адамдарға жақындай түскенін сезінуі керек", - деді қала басшысы.

Құрылыс саласында да айтарлықтай өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, салынып біткен нысандарды қабылдау бөлігінде. Енді барлық жауапкершілік тікелей тапсырыс берушіге, мердігерге, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау ұйымына жүктеледі. Бірақ түрлі мемлекеттік комиссиялардыӊ қысқартылуы қалада ғимараттар мен құрылыстар салу кезінде бұзушылықтарды мойындамауға себеп болмауы керек, деді И. Жақсыбеков.

"Жаӊа жылда алға жаӊа жоспар құрып жатырмыз, бірақ міндеттер бұрынғыдай - қалалық қызметтердіӊ қала тұрғындарыныӊ игілігіне тиімді жұмыс істеуі, Астанада тіршілікті қамтамасыз ету және қаланы абаттандыру, сондай-ақ, елорданыӊ әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерін сақтау", - деді И. Жақсыбеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны