09.06.2014, 22:27 3143

Жаңа жүйе КО аумағына темір жолмен тасымалданатын жүктерді жеткізу мерзімін қысқартады - ККМ

Жақын арада Қазақстанда Кеден Одағы аумағына темір жол көлігімен тасымалданатын тауарлар жайлы кеден органдарын алдын ала ақпараттандыру жүйесін енгізу жөнінде ілкі жоба басталмақ.

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan today. Жақын арада Қазақстанда Кеден Одағы аумағына темір жол көлігімен тасымалданатын тауарлар жайлы кеден органдарын алдын ала ақпараттандыру жүйесін енгізу жөнінде ілкі жоба басталмақ.

Жүйені жаз бойы іріктеп алынған учаскелерде сынау жоспарланған, деп көлік және коммуникация министрлігі хабарлады.

"Қазіргі таңда, құжаттар жүк кеден постына келген соң тексеріледі. Кей кезде бұл процедураға бірнеше сағат кетеді де, жүк қозғалмаға мәжбүр. Ал алдынала ақпараттандыру жүйесі арқылы тасымалдаушы жүктің бекетке нақты келуіне дейін екі сағат бұрын кеден қызметіне тауар жөнінде ақпарат беру тиіс. Бұл кеден органдарға құжаттарды қысқа мерзімде әрі сапалы тексеруге мүмкіндік беріп, жүкті жеткізу мерзімдерін қысқартады", - деді ҚР ККМ Көлік және қатынас жолдар комитетінің төрағасы Еркін Мейірбеков.

Сонымен қатар, ол аталған процедура міндетті мәртебесіне 2014 жылғы 1 қазаннан бастап иеленеді деп хабарлады. Ал, аталған ереже 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 196 Еуразиялық экономикалық комиссиясының Коллегия Шешімімен бекітілген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны