25.07.2018, 23:05 4373

Жанаөзен қаласы және Тұпқараған аудандарыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасы тыӊдалды

2018 жылдыӊ бірінші жартысында атқарылған жұмыстар туралы Жанаөзен қаласыныӊ әкімі Иділбек Дауылбаев баяндады.

Ақтау. 25 шілде. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысы әкімдігінде облыс әкімі Ералы Тоғжановтыӊ қатысуымен кеӊес өтті, онда Жанаөзен қаласы және Тұпқараған аудандарыныӊ әкімдерініӊ 2018 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасы тыӊдалды.

2018 жылдыӊ бірінші жартысында атқарылған жұмыстар туралы Жанаөзен қаласыныӊ әкімі Иділбек Дауылбаев баяндады.

Негізгі капиталға салынған инвестицияныӊ көлемі 21,1 млрд.теӊгені құрады, өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 17,8%-ға өсіп отыр (2017ж. қаӊтар-маусым айларында - 16,4 млрд.теӊге).

Құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 6,3 млрд.теӊгені құрады.

2018 жылдыӊ 6 айы ішінде жалпы көлемі 96,6 мыӊ шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Қала бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерініӊ саны 516 бірлікке көбейіп, 8313 жетті. (2017ж. 6 ай - 7 797), оныӊ ішінде заӊды тұлғалар - 1 395, жеке кәсіпкерлер - 6918, ауылшаруашылығы-19.Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардыӊ саны 21200 адам.

Жыл басынан бері 2743 жаӊа жұмыс орны құрылып, өткен жылмен салыстырғанда 8,1%-ға өсті (01.07.2017ж. - 2537 жұмыс орын).Атап айтсақ: әлеуметтік жұмыс орны - 237, жастар практикасы -102, қоғамдық жұмысқа - 1032, тұрақты жұмысқа орналасқандар - 1423. Бюджет қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 180 пәтерлік жатақхана құрылысын салу жоспарлануда. "Осы жылдан бастап өӊірімізде "Нұр-Капитал" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мамыр айынан бері "Нұр-Капитал" бағдарламасыныӊ негізінде Өӊірлік Үйлестіру Кеӊесініӊ отырысында жалпы сомасы 639,3млн теӊгеніӊ 27 жобасы мақұлданды. Аталған бағдарлама аясында алдағы уақытта 327 жаӊа жұмыс орны құрылады. Осы жылдыӊ соӊына дейін жобалардыӊ 60% ашылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, "Мемлекеттік - жекешелік әріптестік бағдарламасы" аясында, "Солнышко" балабақшасымен ЖК "Жалымбетов" оӊалту орталығыныӊ жобалары іске асырылуда", - деді қала әкімі Иділбек Дауылбаев. Тұпқараған ауданыныӊ әкімі Темірбек Асауовтыӊ мәліметінше, 2018 жылдыӊ бірінші жартыжылдығында ауданныӊөнеркәсіп өнімдерініӊ өндіріс көлемі- 325 млрд. 643 млн 200 мыӊ теӊгені құрап, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 94 млрд 818 млн. теӊгеге көбейген /01.07.2017 жылы - 230 млрд, 825 млн. 200 мыӊ.теӊгені құрады/.

Ағымдағы жылдыӊ қаӊтар - мамыр айларына ауданда 1 843,5 мыӊ тонна шикі мұнай өндіріліп, облыс көлемініӊ 24,6 % құрады.

Өнеркәсіп өнімдерініӊ нақты көлем индексі - 104,2% құрады.

Ауыл шаруашылық өнімдерініӊ жалпы шығарылымы- 732 млн.700 мыӊ теӊге /2017ж.-517,3 млн. теӊге/ нақты индекскөлемі- 102,1%.

Негізгі капиталға салынған инвестиция - 21 млрд 722 млн 200 мыӊ теӊгені құрап, өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 2 млрд 418 млн. 900 мыӊ теӊгеге немесе 3,4 % көбейген (01.07.2017ж. - 19 млрд. 303 млн. 300 мыӊ теӊге).

Жалпы көлемі 32,3 мыӊ шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, былтырғы жылдыӊ осы кезеӊіне қарағанда 2,6 мыӊ ш.м. көбейген, немесе 108,6% / 01.07.2017 жылы - 29,7 ш.м. Тұрғын үй құрылысыныӊ негізгі қаржыландыру көздері үлес салмағы 100% - ды құрайтын салушылардыӊ меншікті қаражатынан болды.

"Кәсіпкерлерді қолдау бағытында шағын несиелендіруге осы жылдыӊ 6 айында барлығы-12 адам 54,5 млн. теӊге көлемінде несиеге қол жеткізді немесе 227,1% /2017ж.- 3 кәсіпкер 24,0 млн. теӊге/. Аудан бойынша 2018 жылдыӊ 1 шілдесіне дейінШағын және орта кәсіпкерлік саласында тіркелген субъектілерініӊ саны 1851 бірлікті құрады, ол 2017 жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда /1717 бірлік, (+134) 8%-ға жоғары. "2018 жылғы "Нұр Капитал" өӊірлік бағдарламасы аясында ауданнан барлығы облыстық үйлестіру кеӊесінен 16 жоба қолдау тапты /сомасы - 310,796 млн. теӊге, жоспарланған жаӊа жұмыс орны- 150/. Келесі кезекте ұсыну үшін 7 жоба қарастырылуда /сомасы 150,4 млн. теӊге, жаӊа жұмыс орны 104/", -деді аудан әкімі Темірбек Асауов.

Жиын соӊында облыс әкімі Ералы Тоғжанов аудан әкімдеріне білім беру, денсаулық сақтау саласында сапалы қызмет көрсетуді арттыру бойынша бірнеше тапсырма берді.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны