20.12.2011, 16:07 3532

Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер салдарынан келген шығын 1, 9 миллиард теңгені құрайды

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақтаудан тікелей бейнебайланысқа шыққан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

Астана. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер салдарынан келген шығын 1, 9 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақтаудан тікелей бейнебайланысқа шыққан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, тәртіпсіздіктер барысында 41 нысанның, оның ішінде әкімдіктердің 5 ғимараты зардап шеккенін атап өткен ол: "Біздің алдын-ала есептеуіміз бойынша, оларды қалпына келтіру үшін шамамен 770 млн. теңге қажет", деді. Ө.Шөкеевтің атап өтуінше, "Қазмұнайгаз БӨ" АҚ-ның 3 ғимараты бүлінген. Қалпына келтіру үшін 1 млрд теңгеден астам қаржыны қажет етеді. Ал 29 коммерциялық нысан мен банк ғимараттарын жөндеуге 250 млн теңге, 2 тұрғын үйге 3 млн теңгеден астам қаржы қажет. "Толықтай алғанда, біздің алдын-ала есептеуімізге сәйкес, аталған нысандардың шығын көлемі 1, 9 млрд теңгені құрайды", деді ол.

Бір аптаның ішінде экспорттық жобалау құрылыс ұйымдары аталған нысандарды жөндеу жұмыстарын бастайтындығын атап өткен Ө.Шөкеев: "Резервтен қаржы бөлу туралы Қаулыны күтпей компаниялар, мердігерлер өз қаражаттары есебінен қалпына келтіру жұмыстарын бастайды. Сәйкесінше, тапсырма Үкіметтік комиссия тарапынан берілді. Жобалау компанияларының есептеу қорытындысы бойынша біз бюджеттен бөлінетін қажетті қаржыны анықтай аламыз", деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны