02.06.2008, 17:38 2961

Жанар-жағармай экспортына тыйым салу ұлттық мұнайгаз компаниясының кірісіне әсер етпейді - "Самұрық" басшысы

Жанар-жағармай экспортына тыйым салу "ҚазМұнайГаз" ұлттық мұнайгаз компаниясының кірісіне әсер етпейді. Бүгін парламент сенатының депутаттарымен кездесуде "Самұрық" холдингі басқармаларының төрағасы Қанат Бозымбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. ""ҚазМұнайГаз" үшін бірқатар себептерге байланысты бұл тыйым айтарлықтай ықпалын тигізбейді", - деді Қ.Бозымбаев депутаттардың сауалына берген жауабында.

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жанар-жағармай экспортына тыйым салу "ҚазМұнайГаз" ұлттық мұнайгаз компаниясының кірісіне әсер етпейді. Бүгін парламент сенатының депутаттарымен кездесуде "Самұрық" холдингі басқармаларының төрағасы Қанат Бозымбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

""ҚазМұнайГаз" үшін бірқатар себептерге байланысты бұл тыйым айтарлықтай ықпалын тигізбейді", - деді Қ.Бозымбаев депутаттардың сауалына берген жауабында.

Оның айтуынша, "бүгінгі күні ""ҚазМұнайГаз" Сауда Үйі" өндіретін барлық дизельдік отын мемлекеттік бағдарлама бойынша ауылшаруашылығының тауар өндірушілеріне жіберіледі". "Дизельдік отын нарық бағасынан 20 пайыз арзанға тұрақты бағаға сатылады", - деді Қ. Бозымбаев. "Елімізден дизельдік отын экспорттау оқиғасы болған жоқ", - деді ол.

"Ал ""ҚазМұнайГаз" Сауда Үйі" өндіретін жанармайға келсек, барлық жанармай өзіне тиесілі жанар-жағармай тарату бекеттерінің желісі арқылы сатылады. Яғни, "ҚазМұнайГазға" әсерін тигізбейді", - деді "Самұрық" басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны