24.02.2014, 19:09 6343

Жаңатас пен Қаратау моноқалаларын дамытуға 5 млн теңгеден астам қаржы бөлінді - А.Рау

Осы қалалардың әлеуметтік жағдайын арттырып, халыққа жайлы тұрмыс қалыптастырылуына 5 млн теңгеден астам қаражат салынды. Менің ойымша, қазірдің өзінде тұрғындар жобаның жемісін көріп жатыр", - дейді А.Рау.

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan today. "Еурохим" жобасын іске асыру аясында Жаңатас пен Қаратау моноқалаларын дамытуға 5 млн теңгеден астам қаражат салынды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде индустрия жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау мәлімдеді.

"Қазіргі таңда "Еурохиммен" біріккен жоба іске асырылуда. "Еурохим" ресейлік компаниясы басты міндеттемелердің бірі - руда базасында фосфорлық шикізаттың төмен қамтылуындағы технологиялық мәселе. Технологиялық шешімдер табылып, үздік технологиялар тартылып, бүгінде аталмыш жұмыстар қолға алынуда", - дейді А.Рау.

Оның айтуынша, жобаның іске асырылуы 2016 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асырылады.

"Біз 2016 жылдан бастаап жобаны кезеңімен іске асырамыз. Фосфорлы ұн түріндегі алғашқы өнім келер жылы басталады. Кейін ақырындап өнім көлемі де арта береді. Сонымен қатар, онда 2 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады. Екі қаланың әлеуметтік инфрақұрылымына, келісімге сай, олар қазірден бастап кірісуде. Осы қалалардың әлеуметтік жағдайын арттырып, халыққа жайлы тұрмыс қалыптастырылуына 5 млн теңгеден астам қаражат салынды. Менің ойымша, қазірдің өзінде тұрғындар жобаның жемісін көріп жатыр", - дейді А.Рау.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны